operation manual

Телефондарға қоңырау шалу
Skype арқылы мобильді телефондарға немесе станционарлық
телефондарға бағасы төмен қоңырау шалуға
болады. Телефондарға қоңырау шалу үшін Skype кредитін
немесе Skype жазылымын сатып алу қажет.
Телефонға қоңырау шалу үшін…
1 -
People (Адамдар)
бетінде телефон нөмірі контактісін
басыңыз.
2 - Нөмірді басыңыз. Телефон нөмірінің көмегімен қоңырау
шалу үшін сізде
Skype Credits (Skype кредиттері)
қол жетімді
болуы немесе Skype жазылымы болуы керек. Егер контакт
телефонға жауап берсе, контактімен сөйлесе аласыз.
3 - Қоңырауды аяқтау үшін,
End call (Қоңырауды аяқтау)
түймесін басыңыз.
Сондай-ақ, Skype көмегімен тікелей телефон нөміріне
қоңырау шалуға болады. Телефон нөмірін тергіш көмегімен
енгізуге болады.
Тергішті ашу үшін…
1 -
Skype menu (Skype мәзірінде)
Call phones (Телефонға
қоңырау)
түймесін басыңыз.
2 - Ел кодын қосу үшін
Select country (Елді таңдау)
түймесін
басыңыз. Қажетті елді іздеп, оның аты мен жалаушасын
басыңыз.
3 -
Call phones (Телефонға қоңырау)
бөліміне оралыңыз.
4 - Телефон нөмірін енгізу үшін пернетақтадағы сандарды
басыңыз.
5 -
Call (Қоңырау)
түймесін басыңыз.
6 - Қоңырауды аяқтау үшін,
End call (Қоңырауды аяқтау)
түймесін басыңыз.
Skype көмегімен төтенше жағдай қоңырауын шала
алмайсыз
Skype телефонды ауыстырмайды және оны төтенше
жағдайда қоңырау шалу үшін пайдалана алмайсыз.
Қоңырау қабылдау
Skype бағдарламасына кіріп, теледидар көріп жатқанда,
рингтон және хабар кіріс қоңырау туралы ескертеді. Хабар
кімнің қоңырау шалып жатқанын көрсетеді және сіз
қоңырауға жауап беруді немесе оны қабылдамауды орындай
аласыз.
Қоңырауға жауап беру үшін,
пернесін басып, бейнемен
жауап беріңіз.
Камера өшірулі кезде қоңырауға жауап беру үшін,
пернесін
басып, дыбыспен жауап беріңіз.
Қоңырауды қабылдамау үшін,
түймесін басып, қоңырауды
қабылдамаңыз.
Журнал
Skype мәзірінің
History (Журнал)
бетінен теледидарда
жасалған қоңыраулар тізімін табасыз. Өткізіп алынған
қоңырауларды тауып, Voice messages (Дауыстық хабарларды)
тыңдауға болады.
Skype оқиғаларының журнал тізімінде сақталу ұзақтығы сізде
бар контактілер көлеміне және Skype қызметін пайдалану
қарқындылығыңызға байланысты болады.
Дауыстық хабарлар
Дауыстық хабарлар туралы
Егер біреу Skype арқылы сізге қоңырау шалса және сіз
қоңырауды алмасаңыз, ол сізге
Skype Voice messages (Skype
дауыстық хабарларда)
ауызша хабар қалдыра алады. Егер
контактіге қоңырау шалсаңыз және олар қоңырауды
қабылдамаса, контактіге дауыстық хабар жібере аласыз.
Дауыстық хабар жіберу немесе алу үшін, алдымен, сіз немесе
контактіңіз Skype дауыстық хабарларын орнатуы қажет.
Дауыстық хабарларды компьютерде орнатуға болады. Мына
сайтқа өтіңіз: www.skype.com
Дауыстық хабарды жазу
Контактіңіз Voice messages (Дауыстық хабарларды) іске
қосса, олар қоңырауға жауап бермеген кезде дауыстық
поштадан шығуға болады.
Дауыстық хабарды жазу үшін…
1 - Контактіге қоңырау шалыңыз. Егер қоңырауларға жауап
берілмесе, Skype
Voice message (Дауыстық хабар)
жіберуді
ұсынады.
2 - Сигналдан кейін хабарды айтыңыз.
3 - Жазуды тоқтату үшін,
End call (Қоңырауды аяқтау)
түймесін басыңыз.
Дауыстық хабарды ойнату
Контакт сізге дауыстық хабар жібере алады. Дауыстық
поштаны Журнал бетінен ойнатуға болады.
Дауыстық хабарды ойнату үшін…
1 -
Skype menu (Skype мәзірінде)
History (Журнал)
түймесін
басыңыз.
2 - Ойнату қажет
Voice message (Дауыстық
хабарды)
басыңыз.
3 - Дауыстық хабарды ойнату үшін
түймесін басыңыз.
Дауыстық хабарды қалағаныңызша тыңдай аласыз.
69