operation manual
түймелердің арнайы функциялары болып, анықтаманы ашпауы
мүмкін.
Планшетте, смартфонда немесе компьютерде Теледидар
Анықтамасы
Кеңейтілген нұсқаулардың реттіліктерін оңайырақ орындау
үшін теледидардың анықтамасын PDF пішімінде жүктеп,
смартфонда, планшетте немесе компьютерде оқуға
болады. Бұған қосымша, тиісті анықтама бетін компьютерден
басып шығаруға болады.
Анықтаманы (пайдаланушы нұсқаулығын) жүктеу үшін
www.philips.com/support
сайтына өтіңіз
MRVL_20140918
MRVL_20170427
27.4
Онлайндық анықтама
Philips теледидарына қатысты кез келген мәселені шешу үшін,
желідегі қолдау қызметін пайдалануға болады. Тілді таңдап,
өнімнің үлгі нөмірін енгізуге болады.
www.philips.com/support
сайтына өтіңіз.
Қолдау қызметінің сайтында еліңіздің бізге хабарласуға
арналған телефон нөмірін, сондай-ақ, жиі қойылатын
сұрақтарға жауаптар табуға болады. Кейбір елдерде
қызметкерлердің біреуімен сөйлесіп, сұрағыңызды тікелей
қоюыңызға немесе электрондық пошта арқылы жіберуіңізге
болады.
Теледидардың жаңа бағдарламалық құралын немесе
компьютерде оқу үшін нұсқаулықты жүктеп алуға болады.
27.5
Жөндеу
Қолдау алу және жөндеу үшін еліңіздегі тұтынушыларды
қолдау орталығының жедел желісіне қоңырау шалуға болады.
Телефон нөмірін теледидармен бірге берілетін басылған
құжаттамадан табуға болады.
Әйтпесе,
www.philips.com/support
сайтына кіруге болады.
Теледидардың үлгі мен сериялық нөмірі
Теледидардың үлгі нөмірі және сериялық нөмірі сұралуы
мүмкін. Бұл нөмірлерді ораманың немесе теледидардың
артқы яки төменгі жағындағы жапсырмасында табуға болады.
Ескерту
Теледидарды өз бетіңізше жөндеуге тырыспаңыз. Бұл ауыр
жарақатқа әкелуі, теледидарды жөнделмейтіндей зақымдауы
немесе кепілдіктің күшін жоюы мүмкін.
124