operation manual

1.6
Теледидарды және жазбаларды
уақытша тоқтату
USB қатты дискісін
қоссаңыз, сандық теледидар арнасынан
таратылымды кідіртуге және жазуға болады.
Теледидарды уақытша тоқтатып, шұғыл қоңырауға жауап
беріңіз немесе спорттық матч кезінде үзіліс жасаңыз, бұл
кезде теледидар таратылымды USB қатты дискісіне
сақтайды. Кейінірек қайта көруге болады.
USB қатты дискісі қосылып тұрғанда, сандық
таратылымдарды да жазуға болады. Бағдарламаны көріп
отырғанда жазуға немесе алдағы бағдарламаны жазуды
жоспарлауға болады.
Қосымша ақпарат алу үшін
Keywords
(Кілтсөздер)
түймесін басып,
Pause TV (Теледидарды
кідірту)
немесе
Recording (Жазу)
деп іздеңіз.
1.7
Ойын ойнау
Бұл теледидар —
ойнауға
арналған сіздің үлкен экраныңыз.
Екі адамға да жетеді.
Жалғанған ойын консоліндегі, орнатылған қолданбадағы
немесе веб-сайттағы жай ғана онлайн ойынды ойнауға
болады. Жылдам әрі жауапты әрекет ету үшін теледидарды
ойнауға арналған ең жақсы параметрлерге реттей
аласыз. Бөлінген экран арқылы бірнеше ойыншыға арналған
ойын ойнасаңыз, теледидарды әрқайсысын бір мезгілде
толық экран ретінде көрсететіндей реттеуге болады. Әр
ойыншы өз ойнына зер сала алады.
Қосымша ақпарат алу үшін
Keywords (Кілтсөздер)
пернесін басып,
Gaming (Ойын ойнау)
деп іздеңіз.
1.8
Skype
Теледидардағы
Skype™
арқылы бірге болмаған кезде де
тікелей қонақ бөлмесінен естеліктер жасауға және оны
бөлісуге болады. Сондықтан компьютер айналасында
үймелеу немесе кадрдан тыс кездерді өткізіп алу жағдайлары
болмайды.
Skype-Skype дыбыстық және бейне қоңырауын Skype
қосылған басқа құрылғыларға тегін шалуға болады.
Бейне қоңырау шалу үшін кірістірілген микрофоны бар
камера және интернетке жақсы қосылым қажет. Кейбір
Philips теледидарларында кірістірілген камера және
микрофон бар.
Қосымша ақпарат алу үшін
Keywords (Кілтсөздер)
пернесін басып,
Skype
деп іздеңіз.
1.9
3D
Жаңа теледидарыңыз —
3D TV
.
Фильмді 3D арқылы көріп, ерекше әсерге бөленіңіз. Фильмді
Blu-ray ойнатқышында 3D арқылы көріңіз немесе 3D фильмді
Home (Басты) мәзір, Video on Demand (Талап бойынша
бейне) тармағындағы бейне дүкенінен жалға алыңыз.
3D бейнені оның толық ажыратымдылығымен көру үшін
теледидар Active 3D технологиясын пайдаланады.
Қосымша ақпарат алу үшін
Keywords (Кілтсөздер)
пернесін басып,
3D
деп іздеңіз.
1.10
Смартфондар және планшеттер
Жаңа
Philips теледидарды қашықтан басқару қолданбасы
сіздің жаңа теледидар досыңыз.
Смартфондағы немесе планшеттегі теледидарды қашықтан
басқару бағдарламасы арқылы айналаңыздағы медианың
шеберіне айналасыз. Үлкен теледидар экранына
фотосуреттер, музыка немесе бейнелер жіберіңіз, не
болмаса теледидар арналарының кез келгенін планшеттен
немесе телефоннан көріңіз. Теледидар нұсқаулығын ашып,
ертеңге жазуды жоспарлаңыз. Үйдегі теледидар жұмысты
орындайды. Ambilight+hue (Ambilight+реңк) параметрін
қосып, қонақ бөлмеге ең жайлы түс әсерлерін реттеңіз.
Теледидарды қашықтан басқару бағдарламасымен басқару
сіздің қолыңызда болады. Теледидар дыбысын азайту керек
болуы мүмкін.
Таңдаулы қолданбалар дүкенінен бүгін Philips теледидарды
қашықтан басқару қолданбасын сатып алыңыз.
Ол тегін.
Philips теледидарды қашықтан басқару қолданбасы iOS және
Android үшін қолжетімді.
5