operation manual

13
Көздер
13.1
Құрылғыға ауысу
Көздер тізімінен қосылған құрылғыға ауысып, оның
бағдарламасын қарауға болады.
Қосылған бағдарламаға ауысу үшін…
1 - Көздер мәзірін ашу үшін
SOURCES
пернесін басыңыз.
2 - Қосылған құрылғының белгішесін басыңыз. Теледидар
құрылғының бағдарламасын көрсетеді.
3 - Теледидарды қарау үшін
BACK
пернесін басыңыз.
Құрылғыға ауыспастан Sources (Көздер) мәзірін жабу
үшін
SOURCES
пернесін қайтадан басыңыз.
13.2
Құрылғыны анықтау
Жаңа құрылғыны теледидарға жалғаған кезде, құрылғы
анықталады және құрылғы түрін жаңа құрылғы белгішесі
ретінде тағайындауға болады. Құрылғыны HDMI CEC арқылы
жалғасаңыз, құрылғы автоматты түрде оның маркасын алады.
Қосылған құрылғыға тағайындалған белгіні өзгерткіңіз келсе,
Change Type (Түрді өзгерту)
түсті пернесін басып,
қосылған құрылғыға сәйкес келетін құрылғы түрін таңдаңыз.
Құрылғыға сәйкес атау болмаса немесе құрылғыны басқаша
атағыңыз келсе,
Rename (Атауын өзгерту)
пернесін
басыңыз. Жаңа атауды енгізу үшін қашықтан басқару
құралындағы пернетақтаны пайдаланыңыз.
Тиісті құрылғы түрі құрылғыны пайдалануға көмектеседі.
Құрылғы түрі сурет пен дыбыс мәнерін, ажыратымдылық
мәндерін, арнайы параметрлерді немесе Sources (Көздер)
мәзіріндегі орынды анықтайды.
Теледидарға жаңа құрылғыны жалғағанда, құрылғы белгішесі
Sources (Көздер) мәзірінің алдына өтеді.
Түпнұсқа атауы және белгіше
Құрылғы белгішесін бастапқы атауына және түр белгішесіне
қалпына келтіру үшін,
OPTIONS
пернесін басып,
Original
Name and Icon (Бастапқы атау және белгіше)
түймесін
басыңыз.
Байланыстарды тексеру
Барлық теледидар байланыстарын қайта сканерлеу және
Sources (Көздер) мәзірін жаңарту
үшін,
OPTIONS
пернесін басып,
Scan Connections
(Қосылымдарды тексеру)
түймесін басыңыз.
13.3
Бір рет түртіп ойнату
Күту режимінде тұрған теледидармен диск ойнатқышын
теледидардың қашықтан басқару құралы көмегімен қосуға
болады.
Ойнату
Диск ойнатқышы мен теледидарды күту режимінен қосып,
дискіні бірден ойнатуды бастау үшін теледидардың қашықтан
басқару құралындағы
(ойнату) пернесін басыңыз.
Құрылғыны HDMI кабелімен жалғау қажет және теледидар
мен құрылғыда HDMI CEC қосулы болуы тиіс.
50