operation manual

Абайлаңыз
Теледидарды қабырғаға орнату үшін, арнайы тәжірибе қажет
және оны тек білікті мамандар орындауы керек.
Теледидарды қабырғаға орнату олардың салмағына сәйкес
қауіпсіздік стандарттарына сай болуы керек. Теледидарды
орнатар алдында сақтық шараларын оқыңыз.
TP Vision Europe B.V. дұрыс орнатпау, не болмаса орнатудан
туындайтын сәтсіз немесе жарақат алуға әкелетін жағдайлар
үшін жауапты емес.
2.3
Орналастыру бойынша кеңестер
• Теледидарды экранына жарық тікелей түспейтін жерге
орналастырыңыз.
• Ambilight әсерін жақсарту үшін бөлмедегі жарықты
азайтыңыз.
• Теледидарды қабырғадан 15 см қашығырақ
орналастырыңыз.
• Теледидарды көрудің ең қолайлы қашықтығы экран
диагоналінің 3 еселік өлшеміне тең. Отырған кезде көз
экранның орта тұсымен бір деңгейде болуы тиіс.
2.4
Қуат кабелі
• Қуат кабелінің теледидардың артындағы
POWER
коннекторына қосыңыз.
• Қуат кабелінің коннекторға мықтап кіргізілгенін тексеріңіз.
• Розеткадағы қуат ашасына кез келген уақытта қол
жеткізуге болатынын тексеріңіз.
• Қуат кабелін суырғанда әрқашан ашаны тартыңыз, ешқашан
кабельді тартпаңыз.
Бұл теледидар күту режимінде электр қуатын өте аз
пайдаланғанымен, теледидарды ұзақ уақыт пайдаланбайтын
болсаңыз, қуат үнемдеу үшін электр сымын ажыратып
қойыңыз.
Keywords (Кілтсөздер)
түсті түймесін басыңыз және
теледидарды қосу немесе өшіру туралы қосымша ақпарат алу
үшін
Switching On (Қосу)
деп іздеңіз.
2.5
Антенна кабелі
Антенна ашасын теледидардың артындағы
Antenna
ұясына
қосыңыз.
Жеке антеннаңызды қосуға немесе антенна сигналына
антенна тарату жүйесінен қосылуға болады. IEC Coax 75
Ohm RF антенна қосқышын пайдаланыңыз.
Бұл антенна байланысын DVB-T және DVB-C кіріс
сигналдары үшін пайдаланыңыз.
2.6
Жерсерік тарелкасы
Бір тюнер
Жерсерік арнасын көру және бір уақытта басқа арнаны жазу
үшін жерсерік тарелкасынан теледидарға бірдей 2 кабель
жалғауыңыз қажет. Сізде 1 ғана кабель болса, жазып жатқан
арнаңыз сіз көре алатын бір ғана арна болады.
Кабельді жерсерік тарелкасынан тікелей
SAT 1
қосылымына
жалғаңыз. Жерсерік антенналық кабелін жалғауға арналған
коаксиалды кабель жиынтығын пайдаланыңыз. Орнатпастан
бұрын жерсерік тарелкасының дұрыс тураланғанын
тексеріңіз.
Жерсерік тарелкасын орнату кезінде
One Tuner (Бір тюнер)
тармағын таңдаңыз.
7