User manual
Table Of Contents
- Мазмұны
- 1 Негізгі экранның көрінісі
- 2 Қолдау алу
- 3 Қысқаша нұсқаулық
- 4 Орнату
- 5 Байланыстар
- 6 Ресурсты ауыстыру
- 7 Арналар
- 8 Теледидар нұсқаулығы
- 9 Freeview Play (Ұлыбритания модельдері үшін)
- 10 Бейнелер, фотосуреттер және музыка
- 11 Теледидар параметрлері мәзірлерін ашу
- 12 Ойынды басқару жолағы
- 13 Smart TV және қолданбалар
- 14 Netflix
- 15 Amazon Prime Video
- 16 YouTube
- 17 Alexa
- 18 Google көмекшісі
- 19 Бағдарламалық құрал
- 20 Қоршаған ортаға қауіпсіз
- 21 Ерекшеліктер
- 22 Ақаулықтарды жою
- 23 Қауіпсіздік және қызмет көрсету
- 24 Пайдалану шарттары
- 25 Авторлық құқықтар
- 26 Бастапқы коды ашық
- 27 Үшінші тараптар ұсынатын қызметтерден және/немесе бағдарламалық құралдан бас тарту
- Индекс
теледидарды қашықтан басқару құралымен қайта
жұптастыруға болады.
Жұптау үшін SOURCES (PAIR) пернесін ұзақ басып
тұруға (шамаман 3 секунд) болады.
Болмаса, (Басты бет) > Параметрлер > Сымсыз
байланыс және желі > Қашықтан басқару
құралы > Қашықтан басқару құралын жұптау бөліміне
өтіп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жұптастыру сәтті болса, хабар пайда болады.
Қашықтан басқару құралының бағдарламалық құралы
(Басты бет) > Параметрлер > Сымсыз байланыс және
желі > Қашықтан басқару құралы > Қашықтан басқару
құралы туралы ақпарат
Қашықтан басқару құралын жұптаған соң ағымдағы
қашықтан басқару құралының бағдарламалық құралының
нұсқасын тексеруге болады.
(Басты бет) > Параметрлер > Барлық параметрлер >
Сымсыз байланыс және желі > Қашықтан басқару
құралы > Қашықтан басқару құралының бағдарламалық
құралын жаңарту
Қолжетімді қашықтан басқару құралының бағдарламалық
құралының жаңартулар бар-жоғын тексеріңіз.
3.3. Инфрақызыл сенсор
Теледидар пәрмендер жіберу үшін ИҚ (инфрақызыл)
сәулелерді пайдаланатын қашықтан басқару
құралдарынан пәрмендерді ала алады. Мұндай қашықтан
басқару құралын пайдалансаңыз, қашықтан басқару
құралын теледидардың алдыңғы жағындағы инфрақызыл
сенсорға бағыттаңыз.
Ескерту
Теледидардың инфрақызыл сенсорының алдыңғы жағына
ешбір зат қоймаңыз, оның инфрақызыл сенсорды
блоктауы мүмкін.
3.4. Батареялар мен тазалау
Батареяларды алмастыру
Қашықтан басқару құралыының батареялары туралы
толық ақпаратты алу үшін өнім бумасындағы Жылдам
бастау нұсқаулығын қараңыз.
Егер теледидар қашықтан басқару құралындағы пернені
басқанда реакция бермесе, батареялар қуаты таусылған
болуы мүмкін.
Батареяларды ауыстыру үшін қашықтан басқару
құралының артындағы батареялар бөлімін ашыңыз.
1 - Батарея есігін көрсеткі көрсететін бағытта сырғытыңыз.
2 - Ескі батареяларды жаңасымен алмастырыңыз.
Батареялардың + және - жақтары дұрыс орнатылғанына
көз жеткізіңіз.
3 - Батарея есігін орнына салыңыз және шырт еткенше
артқа сырғытыңыз.
• Қашықтан басқару құралын ұзақ уақыт бойы
пайдаланбағанда батареяларды шығарып алыңыз.
• Ескі батареяларды пайдалану соңындағы нұсқауларға
сай қоқысқа қауіпсіз тастаңыз.
Қосымша ақпарат үшін Анықтама ішінен Кілтсөздер
опциясын таңдап, Пайдалануды аяқтау деп іздеңіз.
Тазалау
Қашықтан басқару құралы сырылмайтын бетке қойылады.
Қашықтан басқару құралын тазалау үшін жұмсақ әрі
дымқыл шүберекті қолданыңыз. Теледидар мен қашықтан
басқару құралына спирт, химиялық заттар немесе
тұрмыстық тазалағыштар сияқты заттарды қолданбаңыз.
3.5. Джойстик - Жергілікті
басқару
Теледидардағы түймелер
Қашықтан басқару құралын жоғалтып алсаңыз немесе
батареялары бос болса, кейбір негізгі теледидар
операцияларын әлі де орындауға болады.
Негізгі мәзірді ашу үшін…
9