operation manual

Table Of Contents
Сигнал қабылдау сапасы
Сандық арнаның сапасы мен сигнал күшін тексеруге
болады. Жеке антеннаңыз болса, қабылдауды жақсарту
үшін антеннаны басқа жерге қоюыңызға болады.
Сандық арнаның қабылдау сапасын тексеру үшін…
1 - Арнаға бұрыңыз.
2 - Settings (Параметрлер) > Channels (Арналар)
> Antenna/Cable Installation (Антенна/кабель орнату)
немесе Antenna Installation (Антенна орнату) параметрін
таңдап, OK түймесін басыңыз. Қажет болған жағдайда PIN
кодын енгізіңіз.
3 - Digital: Reception Test (Қабылдау сынағы) опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
4 - Search (Іздеу) опциясын таңдап, OK түймесін
басыңыз. Осы арнаға сандық жиілік көрсетіледі.
5 - Search (Іздеу) опциясын қайта таңдап, осы жиілік
сигналы сапасын тексеру үшін OK түймесін басыңыз. Сынақ
нәтижесі экранда көрсетіледі. Антеннаны қайта
орналастыруға немесе қабылдауды жетілдіретін
байланыстарды тексеруге болады.
6 - Сонымен қатар, жиілікті өзгертуге болады. Жиілік
нөмірін бір-бірден таңдап, мәнді өзгерту үшін (жоғары)
немесе (төмен) пернелерін пайдаланыңыз. Search
(Іздеу) опциясын таңдап, қабылдауды қайта тексеру
үшін OK түймесін басыңыз.
7 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін (солға) түймесін
қайталап басыңыз.
Қолмен орнату
Аналогтық телеарналарды бір-бірлеп қолмен орнатуға
болады.
Аналогтық арналарды қолмен орнату үшін…
1 - Settings (Параметрлер) > Channels (Арналар)
> Antenna/Cable Installation (Антенна/кабель орнату)
немесе Antenna Installation (Антенна орнату) параметрін
таңдап, OK түймесін басыңыз. Қажет болған жағдайда PIN
кодын енгізіңіз.
2 - Analogue: Manual Installation (Аналогтық: Қолмен
орнату) опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
Жүйе
Теледидар жүйесін орнату үшін System (Жүйе) опциясын
таңдаңыз.
Елді немесе әлемнің өзіңіз тұратын бөлігін таңдап, OK
түймесін басыңыз.
Арнаны іздеу
Арнаны табу үшін Search Channel (Арнаны іздеу) опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз. Арнаны табу үшін жиілікті
енгізуге немесе теледидарда арнаны іздеуге болады. (оң
жақ) түймесін Search (Іздеу) опциясын таңдау үшін басып,
арнаны автоматты түрде іздеу үшін OK түймесін
басыңыз. Табылған арна экранда көрсетіледі және
қабылдау нашар болса, Search (Іздеу) түймесін қайта
басыңыз. Арнаны сақтағыңыз келсе, Done (Дайын)
тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
Сақтау
Арнаны ағымдағы арна нөміріне немесе жаңа арна нөмірі
ретінде сақтауға болады.
Store Current Channel (Ағымдағы арнаны таңдау)
немесе Store as New Channel (Жаңа арна етіп сақтау)
опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз. Жаңа арна нөмірі
қысқаша түрде көрсетіледі.
Қол жетімді аналогтық телеарналардың барлығын
тапқанша осы қадамдарды қайталай беруге болады.
6.3
Арналар тізімін көшіру
Кіріспе
Арналар тізімін көшіру дилерлер мен тәжірибелі
пайдаланушыларға арналған.
Арналар тізімін көшіру көмегімен бір теледидарда
орнатылған арналарды ұқсас деңгейлі басқа Philips
теледидарына көшіруге болады. Арналар тізімін көшіру
көмегімен алдын ала анықталған арналар тізімін
теледидарға жүктеу арқылы уақытты алатын арна іздеу
жұмысын орындамауға болады. Кемінде 1 ГБ жад бар USB
жад құрылғысын пайдаланыңыз.
Шарттар
• Екі теледидардың да өндірілген жылы бірдей.
• Екі теледидардың да жабдық түрі бірдей. Теледидардың
артқы жағындағы түр тақтайшасындағы көрсетілген
теледидар түрін тексеріңіз.
• Екі теледидардың да бағдарламалық құрал нұсқасы
үйлесімді.
Ағымдағы арна нұсқасы
Арналар тізімінің ағымдағы нұсқасын тексеру үшін…
1 -
Settings (Параметрлер) > Channels (Арналар), Channel
List Copy (Арналар тізімінің көшірмесі), Current Version
(Ағымдағы нұсқа) опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Жабу үшін OK түймесін басыңыз.
Ағымдағы бағдарламалық құрал нұсқасы
Теледидар бағдарламалық құралының ағымдағы нұсқасын
тексеру үшін…
1 -
Settings (Параметрлер) > Update Software
(Бағдарламалық құралды жаңарту) тармағын таңдап,
мәзірге кіру үшін (оң жақ) түймесін басыңыз.
2 - Current Software Info (Ағымдағы бағдарламалық құрал
туралы ақпарат) тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
3 - Нұсқа, шығарылым ескертпелері және жасалған күн
көрсетіледі. Сонымен қатар, Netflix ESN нөмірі қолжетімді
кезде көрсетіледі.
4 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін (солға) түймесін
қайталап басыңыз.
26