operation manual

Table Of Contents
4 - (оң жақ) түймесін 3 рет басып, тілді таңдап, OK
түймесін басыңыз.
5 - Мәзірді жабу үшін Артқа түймесін басыңыз.
27.4
Онлайндық анықтама
Philips TV қатысты кез келген мәселені шешу үшін, желідегі
қолдау қызметін пайдалануға болады. Тілді таңдап,
өнімнің үлгі нөмірін енгізуге болады.
www.philips.com/TVsupport веб-сайтына өтіңіз
Қолдау қызметінің сайтында еліңіздің бізге хабарласуға
арналған телефон нөмірін, сондай-ақ, жиі қойылатын
сұрақтарға жауаптар табуға болады. Кейбір елдерде
қызметкерлеріміздің біреуімен сөйлесіп, сұрағыңызды
тікелей қоюыңызға немесе электрондық пошта арқылы
жіберуіңізге болады.
Теледидардың жаңа бағдарламалық құралын немесе
компьютерде оқу үшін нұсқаулықты жүктеп алуға болады.
27.5
Қолдау көрсету және жөндеу
Қолдау алу және жөндеу үшін еліңіздегі тұтынушыларды
қолдау орталығының жедел желісіне қоңырау шалуға
болады. Біздің қызмет көрсетуші инженерлеріміз қажет
кезінде жөндеп береді.
Телефон нөмірін теледидармен бірге берілетін басылған
құжаттамадан табуға болады.
Не болмаса, www.philips.com/TVsupport веб-сайтымызға
кіріп, қажет болса, елді таңдаңыз.
Теледидардың үлгі мен сериялық нөмірі
Теледидардың үлгі нөмірі және сериялық нөмірі сұралуы
мүмкін. Бұл нөмірлерді ораманың немесе теледидардың
артқы яки төменгі жағындағы жапсырмасында табуға
болады.
Ескерту
Теледидарды өз бетіңізше жөндеуге тырыспаңыз. Бұл
ауыр жарақатқа әкелуі, теледидарды жөнделмейтіндей
зақымдауы немесе кепілдіктің күшін жоюы мүмкін.
92