User manual

Көшіруден қорғау
DVI және HDMI кабельдерінде HDCP (жоғары өткізу
мүмкіндігі бар сандық мазмұнды қорғау) мүмкіндігі бар.
HDCP — DVD немесе Blu-ray дискілерінен мазмұнның
көшірілуін болдырмайтын қорғау сигналы. DRM (сандық
құқықтарды басқару) деп те аталады.
6.3
Y Pb Pr - Компоненттік
Y Pb Pr - Компоненттік бейне жоғары сапалы қосылым
болып табылады.
YPbPr қосылымын ажыратымдылығы жоғары (HD)
теледидар сигналдарына пайдалануға болады. Y, Pb және
Pr сигналдарының жанына дыбысқа арналған Audio Left
and Right (Сол жақ және оң жақ дыбыс) сигналдарын
қосыңыз.
Жалғаған кезде YPbPr (жасыл, көк, қызыл) коннектор
түстерін кабель ашаларына сәйкестендіріңіз.
Құрылғыңыздың даусы болса, Audio L/R кабелін
пайдаланыңыз.
6.4
Scart
SCART — сапасы жақсы қосылым.
SCART қосылымын CVBS және RGB бейне сигналдарына
пайдалануға болады, бірақ ажыратымдылығы жоғары (HD)
теледидар сигналдарына қолдануға болмайды. SCART
қосылымы бейне және дыбыс сигналдарын біріктіреді.
Сондай-ақ, SCART қосылымы NTSC ойнатуын қолдайды.
6.5
Дыбыс шығысы - оптикалық
Дыбыс шығысы - оптикалық — жоғары сапалы дыбыс
қосылымы.
Бұл оптикалық қосылым 5.1 аудио арналарын
тасымалдайды. Құрылғыңызда, әдетте үй кинотеатры
жүйесінде (HTS) HDMI ARC ұялары болмаса, осы
қосылымды HTS жүйесінде «Дыбыс шығысы - оптикалық»
қосылымымен пайдалануға болады. «Дыбыс шығысы -
оптикалық» қосылымы дыбысты теледидардан HTS
бейнесіне жібереді.
6.6
Смарт карталы CAM - CI+
CI+ туралы ақпарат
Ескертпе: Азия, Тынық мұхиты, Қиыр шығыс және Африка
елдерінде қолдау көрсетілмейді.
28