User manual

Дыбыс-бейне синхрондауы
Егер дыбыс экрандағы бейнеге сәйкес болмаса, диск
ойнатқышы бар үй кинотеатры жүйелерінің көпшілігінде
кідірісті дыбыс бейнеге сай болатындай орнатуға болады.
HTS дыбысында мәселелер бар
Қатты шуы бар дыбыс
Бейнені қосылған USB жад құрылғысынан немесе
қосылған компьютерден көрсеңіз, үй кинотеатры
жүйесінің дыбысы бұрмалануы мүмкін. Бұл шу дыбыс
немесе бейне файлында DTS дыбысы болғанда, бірақ үй
кинотеатры жүйесінде DTS дыбыс өңдеуі болмаған кезде
шығады. Оны теледидардың Audio Out Format (Дыбыс
шығысының пішімі) параметрін Stereo (Стерео)
(босатылған) мәніне орнату арқылы түзете аласыз.
түймесін басып, All Settings (Барлық орнатулар) > Sound
(Дыбыс) > Advanced (Қосымша функциялар) > Audio Out
Format (Дыбыс шығысының пішімі) тармағын таңдаңыз.
Дыбыс жоқ
Үй кинотеатры жүйесінде теледидардың дыбысын ести
алмасаңыз, үй кинотеатры жүйесінде HDMI кабелін HDMI
ARC ұясына жалғағаныңызды тексеріңіз. Теледидардағы
барлық HDMI ұялары HDMI ARC ұялары болып табылады.
6.9
Смартфондар және планшеттер
Смартфонды немесе планшетті теледидарға жалғау үшін
сымсыз немесе сымды байланысты пайдалануға болады.
Ток сымысыз
Сымсыз байланыс үшін смартфонда немесе планшетте
таңдаулы қолданбалар дүкенінен Philips теледидарды
қашықтан басқару қолданбасын жүктеп алыңыз.
Сымды
Сымды байланыс үшін теледидар артындағы HDMI 4 MHL
байланысын пайдаланыңыз. Қосымша ақпарат алу
үшін Анықтама ішінен Кілтсөздер түймесін басып, HDMI
MHL деп іздеңіз.
6.10
Blu-ray диск ойнатқышы
Blu-ray диск ойнатқышын теледидарға жалғау үшін
жоғары жылдамдықты HDMI кабелін пайдаланыңыз.
Blu-ray диск ойнатқышында EasyLink HDMI CEC болса,
ойнатқышты теледидардың қашықтан басқару құралымен
пайдалануға болады.
6.11
DVD ойнатқышы
DVD ойнатқышын теледидарға жалғау үшін HDMI кабелін
пайдаланыңыз.
Егер құрылғыда HDMI қосылымы болмаса, SCART кабелін
пайдалануға болады.
DVD ойнатқышы HDMI кабелімен жалғанып, онда EasyLink
CEC болса, ойнатқышты теледидардың қашықтан басқару
құралымен басқаруға болады.
31