User manual

6.12
Bluetooth - динамиктер және
джойстиктер
Сізге не қажет
Сымсыз құрылғыны – сымсыз динамикті, сабвуферді,
дыбыс жолағын немесе құлақаспапты Bluetooth® арқылы
теледидарға қосуға болады. Сымсыз джойстикті Bluetooth
LE арқылы да жалғауға болады.
Теледидар дыбысын сымсыз динамиктен ойнату үшін,
сымсыз динамикті теледидармен жұптастыруға болады.
Кейбір сымсыз динамиктерді және ең көбі 4 Bluetooth LE
(төмен қуат) құрылғысын жұптастыруға болады.
Теледидарда бір уақытта бір-ақ динамик дыбысын
ойнатуға болады. Сабвуферді жалғасаңыз, дыбыс
теледидарда және сабвуферде ойналады. Дыбыс жолағын
жалғасаңыз, дыбыс жолағында дыбыс қана ойнатылады.
Назар аударыңыз - Аудио және бейне синхрондау
Көптеген Bluetooth динамик жүйелерінде жоғары «кідіріс
кезеңі» болады. Жоғары кідіріс кезеңі — синхрондалмаған
«бейне мен дыбыс ауытқуына» себеп болатын бейнеден
кейінгі аудио дыбыстар. Сымсыз Bluetooth динамигі
жүйесін сатып алудан бұрын, ең жаңа үлгілер туралы
хабарлап, төмен кідіріс кезеңі деңгейіне ие құрылғыны
іздеңіз. Дилерден кеңес алыңыз.
Құрылғыны жұптастыру
Сымсыз динамикті теледидардан 5 метр қашықтыққа
орналастырыңыз. Жұптастыру және сымсыз ауқым туралы
нақты ақпаратты алу үшін пайдаланушы нұсқаулығын
оқыңыз. Теледидарда Bluetooth параметрі қосылғанын
тексеріңіз.
Сымсыз джойстик жұптастырылса, оны пайдалануға
болады. Сымсыз динамик жұптастырылған кезде,
теледидар дыбысын ойнату үшін таңдауға болады.
Құрылғы жұптастырылған кезде құрылғыны алмай тұрып,
қайта жұптастыруға болмайды.
Сымсыз динамикті теледидармен жұптастыру үшін…
1 - Сымсыз динамикті қосып, теледидар ауқымында
қойыңыз.
2 -
түймесін басыңыз да, Барлық
параметрлер опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
3 - Wireless and Networks (Сымсыз байланыс және
желілер) тармағын таңдап, мәзірге кіру үшін
(оң жақ)
түймесін басыңыз.
4 - Bluetooth > Search Bluetooth Device (Bluetooth
құрылғысын іздеу) тармағын таңдаңыз.
5 - Start (Іске қосу) опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Құрылғыны
теледидармен жұптайсыз және теледидар қосылымды
сақтайды. Жұптастырылған құрылғылардың саны ең көп
мөлшеріне жетсе, бірінші жұптастырылған құрылғыны үзу
қажет болуы мүмкін.
6 - Құрылғы түрін (құлақаспап, сабвуфер, …) таңдаңыз.
7 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін
(солға) түймесін
қайталап басыңыз.
* Егер теледидар Bluetooth LE жүйесімен үйлесімді
болмаса, ол Bluetooth сабвуферін және Bluetooth
динамиктерін қолдамайды.
** Егер Bluetooth жүйесімен үйлесімді болса, дыбыс
жолағы, динамик және басқа аудио құрылғы үшін HDMI
қосылымы қажет.
Құрылғыны таңдау
Сымсыз Bluetooth динамигі жұптастырылған кезде,
теледидар дыбысын ойнату үшін таңдауға болады.
Теледидар дыбысын ойнататын динамикті таңдау үшін…
1 -
түймесін басып, Speakers (Динамиктер) опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Қажетті динамик жүйесін таңдаңыз.
3 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін
(солға) түймесін
қайталап басыңыз.
Құрылғыны алып тастау
Сымсыз Bluetooth құрылғысын жалғауға немесе ажыратуға
болады. Bluetooth құрылғысы қосылған кезде, джойстик
пайдалануға болады немесе сымсыз динамик арқылы
теледидар дыбысын естуге болады. Сонымен қатар,
сымсыз Bluetooth құрылғысын алып тастауға болады. Егер
Bluetooth құрылғысы алынып тасталса, құрылғы
жұптастырылмайды.
Сымсыз құрылғыны алып тастау немесе ажырату үшін…
1 -
түймесін басыңыз да, Барлық
параметрлер опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Wireless and Networks (Сымсыз байланыс және
желілер) опциясын таңдаңыз.
3 - Bluetooth > Remove Device (Құрылғыны алып тастау)
опциясын таңдаңыз.
4 - Тізімнен сымсыз құрылғыны таңдаңыз.
5 - Disconnect (Ажырату) немесе Remove (Жою) опциясын
таңдаңыз.
6 - OK тармағын таңдаңыз.
7 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін
(солға) түймесін
қайталап басыңыз.
6.13
Құлақаспап
Құлақаспаптар жинағын теледидардың артқы
бөлігіндегі
байланысына жалғаңыз. Байланыс — 3,5 мм
шағын ұя. Құлақаспаптың дыбыс деңгейін бөлек реттеуге
болады.
32