User manual

қосылымдарының біреуіне жалғаңыз. Пішімдеу кезінде
басқа USB құрылғысын екінші USB порттарына қоспаңыз.
2 - USB қатты дискісі мен теледидарды қосыңыз.
3 - Теледидар сандық теледидар арнасына реттелген
болса,
(Кідірту) түймесін басыңыз. Кідірту әрекеті
пішімдеуді бастайды. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4 - Теледидарда қолданбаларды сақтау үшін USB қатты
дискісін пайдаланғыңыз келетін-келмейтіні туралы
сұрайды, пайдаланғыңыз келсе, сұрақпен келісесіз.
5 - USB қатты дискісі пішімделгеннен кейін тұрақты
жалғанып тұра берсін.
6.17
USB пернетақтасы
Жалғау
Теледидарда мәтін енгізу үшін USB пернетақтасын (USB-
HID түріндегі) жалғаңыз.
Жалғау үшін USB қосылымдарының біреуін пайдаланыңыз.
Параметрлерді реттеу
Пернетақтаны орнату
USB пернетақтасын орнату үшін теледидарды қосыңыз
және USB пернетақтасын теледидардағы USB
қосылымдарының біреуіне жалғаңыз. Теледидар
пернетақтаны бірінші рет анықтағанда пернетақта
орналасуын таңдауға және таңдауды сынақтан өткізуге
болады. Алдымен Cyrillic (кириллица) немесе Greek (грек)
пернетақта орналасуын таңдасаңыз, қосымша латын
пернетақта орналасуын таңдай аласыз.
Орналасу таңдалған кезде пернетақта орналасуын өзгерту
үшін…
1 -
түймесін басыңыз да, Барлық
параметрлер опциясын таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - General Settings (Жалпы параметрлер) тармағын
таңдап, мәзірге кіру үшін
(оңға) түймесін басыңыз.
3 - Пернетақта орнатылуын бастау үшін USB Keyboard
Settings (USB пернетақта параметрлерін) таңдаңыз.
Арнайы пернелер
Мәтін енгізуге арналған пернелер
• Enter пернесі = OK
• Backspace = курсор алдындағы таңбаны жою
• Көрсеткі пернелер = мәтін өрісінде шарлау
• Пернетақта орналасуларын ауыстыру үшін, қосалқы
орналасу орнатылса, Ctrl + Бос орын пернелерін бірге
басыңыз.
Қолданбалар мен интернет беттеріне арналған пернелер
• Tab және Shift + Tab = Келесі және алдыңғы
• Home = беттің жоғарғы жағына жылжу
• End = беттің төменгі жағына жылжу
• Page Up = бір бетке жоғары өту
• Page Down = бір бетке төмен өту
• + = бір қадам үлкейту
• - = бір қадам кішірейту
• * = веб-бетті экран еніне сәйкестендіру
6.18
USB жад құрылғысы
Қосылған USB жад құрылғысынан суреттерді көруге
немесе музыканы және бейнені ойнатуға болады.
Теледидар қосылып тұрғанда теледидардағы USB
қосылымдарының біреуіне USB жад құрылғысын
жалғаңыз.
Теледидар жад құрылғысын анықтап, оның мазмұнын
көрсететін тізімді ашады.
35