User manual

Мазмұн тізімі автоматты түрде пайда
болмаса,
SOURCES опциясын таңдап, USB түймесін
басыңыз.
USB флэш-жадының мазмұнын қарауды тоқтату
үшін
EXIT түймесін басыңыз немесе басқа әрекетті
таңдаңыз.
USB флэш-жадын ажырату үшін флэш-жадын кез келген
уақытта шығарып алуға болады.
USB жад құрылғысынан контентті көру немесе ойнату
туралы қосымша ақпарат алу үшін Анықтама ішінен
Кілтсөздер опциясын таңдап, Фотосуреттер, бейнелер
және музыка деп іздеңіз.
6.19
Фотокамера
Сандық фотокамерада сақталған фотосуреттерді көру үшін
фотокамераны теледидарға тікелей жалғауға болады.
Жалғау үшін теледидардағы USB қосылымдарының біреуін
пайдаланыңыз. Қосылымды орнатқаннан кейін камераны
қосыңыз.
Мазмұн тізімі автоматты түрде пайда
болмаса,
SOURCES түймесін басып, USB опциясын
таңдаңыз.
Камераңыз оның мазмұнын PTP (Суретті тасымалдау
хаттамасы) көмегімен жіберетіндей етіп орнатуды қажет
етуі мүмкін. Сандық фотокамераның пайдаланушы
нұсқаулығын оқыңыз.
Фотосуреттерді көру туралы қосымша ақпарат алу үшін
Анықтама ішінен Кілтсөздер опциясын таңдап,
Фотосуреттер, бейнелер және музыка деп іздеңіз.
6.20
Бейне камера
HDMI
Жақсырақ сапа алу мақсатында бейнекамераны
теледидарға қосу үшін HDMI кабелін пайдаланыңыз.
Audio Video LR / Scart
Бейнекамераны қосу үшін HDMI, YPbPr немесе SCART
қосылымын пайдалануыңызға болады. Бейнекамерада тек
Video (CVBS) және Audio L/R шығысы болса, SCART
адаптеріне (жеке сатылады) қосу үшін Video Audio L/R -
SCART адаптерін пайдаланыңыз.
6.21
Компьютер
Жалғау
Компьютерді теледидарға жалғап, теледидарды
компьютер мониторы ретінде қолдануға болады.
HDMI арқылы
Компьютерді теледидарға жалғау үшін, HDMI кабелін
пайдаланыңыз.
DVI - HDMI арқылы
Не болмаса, компьютерді HDMI ұяшығына жалғау үшін DVI
- HDMI адаптерін (жеке сатылады) және теледидардың
артындағы AUDIO IN L/R ұяшығына жалғау үшін дыбыс L/R
кабелін (3,5 мм шағын ұяшық) пайдаланыңыз.
36