User manual

2
Орнату
2.1
Қауіпсіздік туралы нұсқауларды
оқу
Теледидарды бірінші рет пайдаланбай тұрып қауіпсіздік
туралы нұсқауларды оқып шығыңыз.
Қосымша ақпарат үшін Анықтама ішінен Кілтсөздер
опциясын таңдап, Қауіпсіздік нұсқаулары деп іздеңіз.
2.2
ТД тірегі мен қабырғаға бекіту
жақтауы
Теледидар тірегі
Теледидар тірегін орнату туралы нұсқауларды
теледидармен бірге берілген Жұмысты бастаудың
қысқаша нұсқаулығынан табуға болады. Осы нұсқаулықты
жоғалтып алсаңыз, оны www.philips.com сайтынан жүктеп
алуға болады.
Жүктеп алынатын Жұмысты бастаудың қысқаша
нұсқаулығын теледидардың үлгі нөмірі арқылы іздеңіз.
Қабырғаға орнату
Бұл теледидар VESA үйлесімді қабырғаға орнату
кронштейні үшін де дайындалған (жинаққа кірмейді).
Қабырға кронштейнін сатып алған кезде келесі VESA кодын
пайдаланыңыз. . .
• 65PUS7601
VESA MIS-F 400x400, M6
Дайындау
Алдымен, теледидардың артындағы бұранды
тығындарынан 4 пластикалық бұранда қақпағын алып
тастаңыз.
VESA үйлесімді қабырғаға орнату кронштейнін бекітуге
арналған металл бұрандалардың теледидар бұранды
тығындарының ішіне шамамен 10 мм кіргенін тексеріңіз.
Абайлаңыз
Теледидарды қабырғаға орнату үшін, арнайы тәжірибе
қажет және оны тек білікті мамандар орындауы керек.
Теледидарды қабырғаға орнату олардың салмағына
сәйкес қауіпсіздік стандарттарына сай болуы керек.
Сонымен қатар теледидарды орналастырмас бұрын,
сақтық шараларын да оқып шығыңыз.
TP Vision Europe B.V. компаниясы қате орнатылғанына
немесе апатқа не жарақаттануға әкелген қандай да бір
орнатуға жауапты болмайды.
2.3
Орналастыру бойынша
кеңестер
• Теледидарды экранына жарық тікелей түспейтін жерге
орналастырыңыз.
• Теледидарды қабырғадан 15 см қашығырақ
орналастырыңыз.
• Теледидарды көрудің ең қолайлы қашықтығы экран
диагоналінің 3 еселік өлшеміне тең. Отырған кезде көз
экранның орта тұсымен бір деңгейде болуы тиіс.
15
cm
2.4
Қуат кабелі
• Қуат кабелін теледидардың артындағы POWER
коннекторына жалғаңыз.
• Қуат кабелінің коннекторға мықтап кіргізілгенін
тексеріңіз.
• Розеткадағы қуат ашасына кез келген уақытта қол
жеткізуге болатынын тексеріңіз.
• Қуат кабелін суырғанда әрқашан ашаны тартыңыз,
ешқашан кабельді тартпаңыз.
5