User manual

13
Бейнелер,
фотосуреттер және
музыка
13.1
USB қосылымынан
Жалғанған USB флэш жадынан немесе USB қатты
дискісінен фотосуреттерді көруге немесе музыка мен
бейнелерді ойнатуға болады.
Теледидар қосулы кезде USB жад құрылғысын немесе USB
қатты дискісін USB қосылымдарының біріне жалғаңыз.
Теледидар құрылғыны анықтап, мультимедиалық
файлдардың тізімін береді.
Егер файлдардың тізімі автоматты түрде көрсетілмесе…
1 -
SOURCES түймесін басып,
USB параметрін
таңдаңыз, содан соң OK түймесін басыңыз.
2 - Дискіде реттеген қалта құрылымындағы файлдарды
шолу үшін
USB құрылғылары тармағын
таңдап,
(оңға) түймесін басыңыз.
3 - Бейнелерді, фотосуреттерді және музыканы ойнатуды
тоқтату үшін
EXIT түймесін басыңыз.
Ескерту
USB қатты жалғанған күйде бағдарламаны кідірту немесе
жазу әрекетін жасасаңыз, Теледидар USB қатты дискісін
пішімдеуді сұрайды. Бұл пішімдеу USB қатты дискісіндегі
бүкіл ағымдағы файлдарды жояды.
13.2
Компьютерден немесе NAS
қоймасынан
Компьютерден немесе үй желісіндегі NAS (Желіге
тіркелген қоймадан) фотосуреттерді көруге немесе
музыканы және бейнелерді ойнатуға болады.
Теледидар және компьютер немесе NAS бірдей үй
желісінде болуы қажет. Компьютерде немесе NAS
қоймасында медиа сервер бағдарламалық құралын
орнату қажет. Медиа сервер файлдарды теледидармен
ортақ пайдалануға реттелуі қажет. Теледидар файлдар
мен қалталарды медиа сервер арқылы жасалғандай
немесе компьютерде не NAS қоймасында
құрастырылғандай көрсетеді.
Теледидар компьютерден немесе NAS жүйесінен келетін
бейне ағындарындағы субтитрлерді қолдамайды.
Медиа сервер файлдарды іздеуге қолдау көрсетсе, іздеу
өрісі қолжетімді.
Файлдарды компьютерде шолып ойнату…
1 -
SOURCES түймесін басып,
Network (Жел)
параметрін таңдаңыз, содан соң OK түймесін басыңыз.
2 - SimplyShare құрылғысы жалғанғаннан кейін,
SimplyShare құрылғылары элементінің атауы жалғанған
құрылғының атауына ауысады.
3 - Файлдарды шолуға және ойнатуға болады.
4 - Бейнелерді, фотосуреттерді және музыканы ойнатуды
тоқтату үшін
EXIT түймесін басыңыз.
13.3
Бұлтқа сақтау қызметінен
Онлайн бұлтқа сақтау қызметіне жүктелген фотосуреттерді
көруге немесе музыка мен бейнелерді ойнатуға болады*.
Cloud Explorer қолданбасы арқылы Бұлт орналастыру
қызметтерін қосуға болады. Қосу үшін логин мен құпия
сөзді пайдалануға болады.
1 -
HOME түймесін басыңыз.
2 - Төмен жылжып,
Apps (Қолданбалар) >
Cloud
Explorer бөлімін таңдап, OK түймесін басыңыз.
3 - Қажетті орналастыру қызметін таңдаңыз.
4 - Қосылып, логин мен құпия сөз арқылы орналастыру
қызметінің жүйесіне кіріңіз.
5 - Ойнатқыңыз келген фотосурет пен бейнені таңдап, OK
түймесін басыңыз.
6 - Бір қадам артқа қайту үшін
(солға) түймесін басыңыз
немесе мәзірді жабу үшін
BACK түймесін басыңыз.
* Dropbox™ сияқты сақтау қызметі.
13.4
Таңдаулылар, Танымал, Соңғы
рет ойнатылған мәзірі
Таңдаулы файлдарды қарау
1 -
SOURCES түймесін басып,
USB параметрін
таңдаңыз, содан соң OK түймесін басыңыз.
2 -
USB құрылғылары тармағын, одан кейін
Таңдаулылар опциясын таңдаңыз.
3 - Тізімдегі барлық таңдаулы файлдарды көруге болады.
Танымал файлдарды қарау
1 -
SOURCES түймесін басып,
USB параметрін
таңдаңыз, содан соң OK түймесін басыңыз.
2 -
USB құрылғылары тармағын, одан кейін
Танымал опциясын таңдаңыз.
3 - Тізімдегі файлдарды қарау үшін OK түймесін немесе
танымал файлдар тізімін тазалау үшін
OPTIONS түймесін
басыңыз.
Соңғы рет ойнатылған файлдарды қарау
1 -
SOURCES түймесін басып,
USB параметрін
таңдаңыз, содан соң OK түймесін басыңыз.
2 -
USB құрылғылары тармағын, одан кейін
Соңғы
рет ойнатылған опциясын таңдаңыз.
72