User manual

24
Анықтама және
қолдау
24.1
Теледидарды тіркеңіз
Теледидарды тіркеп, әртүрлі артықшылықтарды, соның
ішінде толық қолдауды (жүктеулерді қоса), жаңа өнімдер
туралы ақпарат алу, арнайы ұсыныстар мен жеңілдіктер,
сыйлықтар ұтып алу және тіпті жаңа өнімдер туралы
арнайы сауалнамаларға қатысу мүмкіндіктерін
пайдаланыңыз.
www.philips.com/TVsupport веб-сайтына өтіңіз.
24.2
Анықтаманы пайдалану
Бұл теледидар экрандағы анықтаманы ұсынады
.
Анықтама бөлімін ашу
, түймесін басып,
Анықтама
тармағын таңдап,
OK
түймесін басыңыз.
Анықтаманы кітап ретінде оқу үшін Book (Кітап)
параметрін таңдаңыз. Кілтсөзді іздеу үшін Кілтсөз
опциясын таңдаңыз.
Сондай-ақ, теледидар мәзірінде
Анықтама бөлімін
ашыңыз.
Анықтама нұсқауларын орындамас бұрын Анықтама
бөлімін жабыңыз.
Мәтін (телемәтін) сияқты кейбір әрекеттер үшін түрлі түсті
түймелердің арнайы функциялары болып, анықтаманы
ашпауы мүмкін.
Планшетте, смартфонда немесе компьютерде Теледидар
Анықтамасы
Кеңейтілген нұсқаулардың реттіліктерін оңайырақ
орындау үшін теледидардың анықтамасын PDF пішімінде
жүктеп, смартфонда, планшетте немесе компьютерде
оқуға болады. Не болмаса, тиісті «Анықтама» бетін
компьютеріңізден басып шығаруға болады.
Анықтаманы (пайдаланушы нұсқаулығын) жүктеп алу
үшін www.philips.com/TVsupport веб-бетіне өтіңіз.
24.3
Ақаулықтарды жою
Қосу және қашықтан басқару
Теледидар қосылмайды
• Қуат кабелін розеткадан ажыратыңыз. Бір минут күтіңіз
де, қайта жалғаңыз.
• Қуат кабелі берік қосылғанын тексеріңіз.
Іске қосылу немесе өшу кезіндегі сықырлаған дыбыс
Теледидарды қосқанда, өшіргенде немесе күту режиміне
қойғанда, теледидардың корпусынан сықырлаған
дыбысты естисіз. Сықырлаған дыбыс теледидардың сууы
және жылуы кезіндегі қалыпты кеңею және тарылуына
байланысты болады. Бұл өнімділікке әсер етпейді.
Теледидар қашықтан басқару құралына жауап бермейді
Теледидардың іске қосылуына біраз уақыт қажет. Бұл
уақытта теледидар қашықтан басқару құралына немесе
теледидарды басқару тетіктеріне жауап бермейді. Бұл —
қалыпты әрекет.
Егер теледидар қашықтан басқару құралына одан әрі
жауап бермей жатса, ұялы телефонның камерасы арқылы
қашықтан басқару құралы жұмыс істеп жатқанын тексеруге
болады. Телефонды камера режиміне өткізіп, қашықтан
басқару құралын камера объективіне бағыттаңыз. Егер
қашықтан басқару құралында кез келген пернені бассаңыз
және камерада инфрақызыл жарық диодының
жыпылықтауын байқасаңыз, қашықтан басқару құралы
жұмыс істеп тұр. Теледидарды тексеру қажет.
Жыпылықтауды байқамасаңыз, қашықтан басқару құралы
бұзылған немесе оның батареяларының заряды төмен
болуы мүмкін.
Қашықтан басқару құралын тексерудің бұл әдісі
теледидармен сымсыз жұпталған қашықтан басқару
құралымен мүмкін емес.
Philips бастапқы экранын көрсеткеннен кейін теледидар
қайтадан күту режиміне өтеді
Теледидар күту режимінде қуат көзінен ажыратылып,
қайта қосылса, бастапқы экран көрсетіліп, теледидар күту
режиміне оралады. Бұл — қалыпты әрекет. Теледидарды
қайтадан күту режимінен қосу үшін қашықтан басқару
құралындағы немесе теледидардағы
түймесін басыңыз.
Күту режимінің шамы жыпылықтай береді
Қуат кабелін розеткадан ажыратыңыз. Қуат кабелін қайта
қоспай тұрып, 5 минут күтіңіз. Егер қайта жыпылықтаса,
Philips TV тұтынушыларды қолдау орталығына
хабарласыңыз.
93