User Guide

Table Of Contents
3 - Арналар тізімін жабу үшін Back (Артқа) түймесін
басыңыз.
Арнаны іздеу
Ұзын арналар тізімін табу үшін арнаны іздеуге болады.
Арнаны іздеу үшін…
1 - Ағымдағы арналар тізімін ашу үшін OK түймесін
басыңыз.
2 - Тағы басқаларын таңдау үшін сары пернені басыңыз.
3 - Мәтін өрісін ашу үшін Operation (Операция) > Find
(Табу) тармағына өтіп, OK түймесін басыңыз. Мәтін енгізу
үшін қашықтан басқару құралының пернетақтасын (болса)
немесе экрандық пернетақтаны пайдалануға болады.
4 - Нөмірін, атауын немесе атауының бөлігін енгізіп, OK
түймесін басыңыз. Теледидар таңдалған тізім ішінен
сәйкес арна атауларын іздейді.
Іздеу нәтижелерінің тізімі таңдалған ағымдағы арналар
тізімінің түрімен беріледі (мысалы, Тарату немесе
Таңдаулылар). Іздеу әліпби бойынша орналасқан
нәтижемен сәйкес келетін атауды қайтарады. Басқа
арналар тізімін таңдаған кезде немесе іздеу нәтижелері
бар тізімді жапқан кезде, іздеу нәтижелері жойылады.
Арналар тізімін сұрыптау
Барлық арналармен арналар тізімін сұрыптаууға болады.
Тек теледидар арналарын немесе тек радиостансаларды
көрсету үшін арналар тізімін орнатуға болады. Антенна
арналары үшін «Бос» немесе «Шифрланған» арналарды
көрсету мақсатында тізімді орнатуға болады.
Барлық арналардан тұратын тізімде сүзгіні орнату…
1 - Ағымдағы арналар тізімін ашу үшін OK түймесін
басыңыз.
2 - Тағы басқаларын таңдау үшін Сары пернені басыңыз.
3 - Operation (Операция) > Sort (Сұрыптау) тармағына өтіп,
OK түймесін басыңыз.
4 - Белсендіру үшін өзіңіз қалайтын сүзгіні таңдап, OK
түймесін басыңыз. Сүзгі атауы арналар тізімінің үстінде
арналар тізімі атауы ретінде пайда болады.
5 - Арналар тізімін жабу үшін Back (Артқа) түймесін
басыңыз.
Арналар тізімін көшіру
Арналар тізімін көшіру дилерлерге және тәжірибелі
пайдаланушыларға арналған.
Арналар тізімін көшіру мүмкіндігі арқылы бір
теледидарда орнатылған арналарды ұқсас деңгейлі басқа
Philips теледидарына көшіруге болады. Ол теледидарға
алдын ала анықталған арналар тізімін жүктеп салады. Ұзақ
уақыт арна іздеудің қажеті жоқ. Кемінде 1 ГБ жад бар USB
жад құрылғысын пайдаланыңыз.
Шарттар
• Екі теледидардың да өндірілген жылы бірдей.
• Екі теледидардың да жабдық түрі бірдей. Теледидардың
артқы жағындағы түр тақтайшасындағы көрсетілген
теледидар түрін тексеріңіз.
• Екі теледидардың да бағдарламалық құрал нұсқасы
үйлесімді.
Ағымдағы бағдарламалық құралдың нұсқасын тексеру
Теледидардағы бағдарламалық құралдың ағымдағы
нұсқасын тексеру үшін...
1 - Арна > Арналар тізімін көшіру тармағына өтіп, OK
түймесін басыңыз.
2 - Ағымдағы нұсқаны таңдаңыз.
3 - Нұсқа, шығарылым ескертпелері және жасалған күн
көрсетіледі.
4 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін Back (Артқа) түймесін
қайталап басыңыз.
Арналар тізімін USB флеш жадына көшіріңіз
Арналар тізімін көшіру үшін...
1 - Теледидарды қосыңыз. Бұл теледидарда арналар
орнатылуы қажет.
2 - USB флэш-жадын жалғаңыз.
3 - Арна > Арналар тізімін көшіру тармағына өтіп, OK
түймесін басыңыз.
4 - USB құрылғысына көшіру опциясын таңдап, OK
түймесін басыңыз.
5 - Көшіріп болғаннан кейін USB флэш-жадын ажыратыңыз.
6 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін Back (Артқа) түймесін
қайталап басыңыз.
Енді көшірілген арналар тізімін басқа Philips теледидарына
жүктеуге болады.
Арналар тізімін басқа Philips теледидарына жүктеп
салыңыз
Арналар тізімін жүктеп салу...
1 - Екінші теледидардың арналар тізімі бар USB жад
құрылғысын жалғаңыз.
2 - Арна > Арналар тізімін көшіру тармағына өтіп, OK
түймесін басыңыз.
3 - TV құрылғысына көшіру опциясын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
4 - Арналар тізімі теледидарға сәтті көшірілгенде
теледидар хабар береді. USB жад құрылғысын
ажыратыңыз.
5 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін Back (Артқа) түймесін
қайталап басыңыз.
17