User Guide

Table Of Contents
7
Құрылғыларды
жалғау
7.1
Байланыстар туралы ақпарат
Байланыс мүмкіндігінің нұсқаулығы
Құрылғыны теледидарға әрқашан жоғары сапалы
қосылыммен жалғаңыз. Сондай-ақ, сурет пен дыбыстың
жақсы тасымалдануын қамтамасыз ету үшін жоғары
сапалы кабельдерді пайдаланыңыз.
Құрылғыны жалғаған кезде, теледидар оның түрін
анықтайды және әр құрылғыға дұрыс түр атауын
береді. Қаласаңыз, түр атауын өзгертуге болады.
Құрылғыға дұрыс түр атауы берілсе, Sources (Көздер)
мәзірінде осы құрылғыға ауысқан кезде, теледидар
ыңғайлы теледидар параметрлеріне автоматты түрде
ауысады.
Антенна порты
Қосымша құрылғы (сандық ресивер) немесе тіркеуіш
болса, антенна сигналы теледидарға кірместен бұрын оны
приставка және/немесе тіркеуіш арқылы бірінші жүргізу
үшін антенна кабельдерін жалғаңыз. Осылайша, антенна
және приставка мүмкін қосымша арналарды жазу үшін
тіркеуішке жібере алады.
HDMI порттары
HDMI сапасы
HDMI қосылымының көрінісі мен дыбыс сапасы ең жақсы.
Бір HDMI кабелі бейне және аудио сигналдарын
біріктіреді. Ажыратымдылығы жоғары (HD) теледидар
сигналдары үшін HDMI кабелін қолданыңыз.
Сигнал тасымалдаудың сапасын жақсарту үшін жоғары
жылдамдықты HDMI кабелін пайдаланыңыз және 5 м-ден
ұзын HDMI кабелін пайдаланбаңыз.
Көшіруден қорғау
HDMI порттарында HDCP 2.2 (жоғары өткізу мүмкіндігі бар
сандық мазмұнды қорғау) мүмкіндігі бар. HDCP — DVD
немесе Blu-ray дискілерінен мазмұнның көшірілуін
болдырмайтын қорғау сигналы. DRM (сандық құқықтарды
басқару) деп те аталады.
HDMI ARC
Теледидарда тек HDMI 1 байланысының HDMI ARC (Аудио
қайтару арнасы) болады.
Егер құрылғыда, әдетте үй кинотеатры жүйесінде (HTS)
HDMI ARC қосылымы болса, оны осы теледидардағы HDMI
1 ұясына қосыңыз. HDMI ARC ұясымен теледидар суретінің
дыбысын HTS жүйесіне жіберетін сыртқы дыбыс кабелін
жалғаудың қажеті жоқ. HDMI ARC ұяшығы екі сигналды
біріктіреді.
HDMI CEC
HDMI CEC интерфейсімен үйлесімді құрылғыларды
теледидарға жалғаңыз, оларды теледидардың қашықтан
басқару құралымен пайдалануға болады.
Теледидарда және жалғанған құрылғыда HDMI CEC
(Тұрмыстық техниканы бақылау) қосылуы керек.
CEC қосу
Теледидарға HDMI құрылғысын басқаруға рұқсат етіңіз.
Басты бет > Параметрлер > Құрылғы параметрлері >
Кірістер > HDMI басқару.
Құрылғы қуатын автоматты түрде өшіру
Теледидармен қоса HDMI құрылғыларын өшіріңіз.
Басты бет > Параметрлер > Құрылғы параметрлер >
Кірістер > Құрылғыны автоматты түрде өшіру.
Теледидар қуатын автоматты түрде қосу
21