User Guide

Table Of Contents
Құлақаспап
Теледидардың артындағы құлақаспап коннекторына
құлақаспаптардың жиынтығын қосуыңызға болады.
Байланыс — 3,5 мм шағын ұя.
* Ескертпе. Құлақаспап қосылғанда, теледидар
динамиктерінің дыбысы өшеді.
7.6
USB жад құрылғысы
Қосылған USB жад құрылғысынан суреттерді көруге
немесе музыканы және бейнені ойнатуға болады.
Теледидар қосылып тұрғанда теледидардағы USB
қосылымдарының біреуіне USB жад құрылғысын
жалғаңыз.
USB флеш дискісінен файлдарды көру үшін алдымен басты
бет экранына MMP (MultiMediaPlayer) қолданбасын
қосуыңыз керек. Қолданбалар қатарының сол жағындағы
«Қолданбалар» белгішесін басып, Негізгі мәзірін басыңыз.
«Қолданбалар» бетінен MMP қолданбаларын қосуыңызға
болады.
USB флеш дискісінің мазмұнын көруді тоқтату үшін
EXIT түймесін басыңыз немесе басқа әрекетті таңдаңыз.
Флеш дискісін ажырату алдында MMP қолданбасынан
шығыңыз.
USB флеш дискісін қауіпсіз алу…
1 - HOME (БАСТЫ БЕТ) түймесін басыңыз.
2 - Жоғарғы оң бұрыштан Notifications (Хабарландырулар)
белгішесін таңдап, OK түймесін басыңыз.
3 - Флеш дискісін таңдап, OK түймесін басыңыз.
4 - Шығару параметрін таңдап, OK түймесін басыңыз.
5 - Шығару процедурасы аяқталғанын күтіп, содан соң
флеш дискісін тартып шығарыңыз.
USB құралындағы Ultra HD
Қосылған USB құрылғысы не жад құрылғысынан
фотосуреттерді Ultra HD ажыратымдылықта көре аласыз.
Егер суреттің ажыратымдылығы жоғары болса, теледидар
ажыратымдылықты төмендетеді.
7.7
Компьютер
Компьютерді теледидарға жалғап, теледидарды
компьютер мониторы ретінде қолдануға болады.
Компьютерді теледидарға жалғау үшін, HDMI кабелін
пайдаланыңыз.
* Nvidia бейнекартасын қолданатын пайдаланушылардың
назарына:
Nvidia бейнекартасын теледидарға HDMI кабелі арқылы
жалғасаңыз, Nvidia картасы теледидарда автоматты түрде
жаңартудың айнымалы жиілігі (VRR) бейнесін көрсетуі
мүмкін. VRR функциясын өшіріп қойғыңыз келсе, оны
компьютеріңіздің бейнекарта параметрінде орнатуыңыз
керек.
* AMD бейнекартасын қолданатын пайдаланушылардың
назарына:
AMD видеокартасын теледидарға HDMI кабелі арқылы
жалғасаңыз, видеокартада қолданылатын мына
параметрлер жақсы жұмыс істеуіен қамтамасыз етіңіз.
Бейнекартаның шығыс бейнесі 4096 x 2160p немесе 3840 x
2160p болса, RGB пикселдік форматы қолданылса,
бейнекартада RGB 4:4:4 пикселдік форматының студиясы
(шектеулі RGB) орнатылуы керек.
24