User Guide

Table Of Contents
Байланыс орнату
1 - Маршрутизаторды теледидарға желілік кабельмен
(Ethernet кабелі**) жалғаңыз.
2 - Маршрутизатордың қосылып тұрғанын тексеріңіз.
3 - Теледидар желі қосылымын үздіксіз іздейді.
4 - Байланыс сәтті болғанда хабар көрсетіледі.
Егер байланыс орнатылмаса, маршрутизатордың DHCP
параметрін тексеруге болады. DHCP параметрі қосулы
болуы қажет.
**EMC ережелерін орындау үшін қорғалған FTP Cat. 5E
Ethernet кабелін пайдаланыңыз.
Желі параметрлері
Proxy параметрлері
MENU (МӘЗІР) > TV options (Теледидар
опциялары) > Settings (Параметрлер) > Network & internet
(Желі және интернет) > Proxy settings (Proxy параметрлері).
Manual (Қолмен) опциясын таңдау арқылы жарамды
прокси хост атауын қолмен енгізіңіз.
Желі конфигурациясы - IP параметрлері
MENU (МӘЗІР) > TV options (Теледидар опциялары)
> Settings (Параметрлер) > Network & internet (Желі және
интернет) > IP settings (IP параметрлері).
Егер байланыс орнатылмаса, маршрутизатордың DHCP
параметрін тексеруіңізге болады.
Балама түрде, егер сіз тәжірибелі пайдаланушы болсаңыз
және желіңізді статикалық IP мекенжайымен орнатқыңыз
келсе, теледидарды статикалық IP мекенжайына
орнатыңыз.
9.2
Google тіркелгісі
Кіру
Philips Android теледидарының толық мүмкіндіктерін
пайдалану үшін Google тіркелгісімен Google жүйесіне
кіруге болады.
Жүйеге кіру арқылы телефон, планшет және теледидар
арқылы таңдаулы ойындар ойнауға болады. Сонымен
қатар, YouTube, Google Play және басқа қолданбаларға кіру
құқығымен қоса, теледидардың басты экранында
реттелген бейне және музыка ұсыныстарын алуға болады.
Кіру
Теледидарда Google жүйесіне кіру үшін бар Google
тіркелгісін пайдаланыңыз. Google тіркелгісі электрондық
пошта мекенжайынан және құпия сөзден тұрады. Егер
Google тіркелгіңіз әлі болмаса, оны жасау үшін компьютер
немесе планшет пайдаланыңыз (accounts.google.com).
Google Play жүйесімен ойын ойнау үшін Google+ профилі
керек. Егер алғашқы теледидар орнату барысында жүйеге
кірмесеңіз, жүйеге кейін кіруге болады.
Теледидар орнатымынан кейін жүйеге кіру үшін…
1 - Settings (Параметрлер) опциясын таңдаңыз.
2 - Account & Sign-In (Аккаунт және жүйеге кіру) тармағын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
3 - Sign In (Жүйеге кіру) тармағын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
4 - Use your remote (Қашықтан басқару құралын
пайдалану) тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
5 - Экрандағы пернетақтамен электрондық пошта
мекенжайын енгізіп, OK түймесін басыңыз.
6 - Құпия сөзді енгізіп, жүйеге кіру үшін OK түймесін
басыңыз.
7 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін навигациялық
пернелерді солға қарай басыңыз.
Android параметрлері
Android жүйесіне тән параметрлерді немесе ақпаратты
орнатуға немесе көруге болады. Теледидарға орнатылған
қолданбалар тізімін және қажетті сақтау орнын табуға
болады. Экрандық пернетақтаны реттеуге немесе
қолданбаларға орныңызды пайдалануға рұқсат беруге
болады. Әр түрлі Android параметрлерін пайдаланып
көріңіз. Осы параметрлер туралы қосымша ақпарат алу
үшін www.support.google.com/androidtv сайтына өтуге
болады.
Осы параметрлерді ашу үшін…
1 - Settings (Параметрлер) опциясын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
2 - Әр түрлі Android параметрлерін пайдаланып көріңіз.
3 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін Back (Артқа) түймесін
басыңыз.
28