User Guide

Table Of Contents
Сандық шығыс
Сандық шығыс параметрлерін оптикалық және HDMI ARC
дыбыстық сигналдары үшін қолдануға болады.
Теледидардың дыбыстық шығыс сигналын қосылған үй
кинотеатры жүйесінің дыбысты өңдеу мүмкіндіктеріне сай
болатындай орнатыңыз.
Сандық шығыстың кешігуі
Кейбір үй кинотеатрының жүйелерінде дыбыс пен бейнені
синхрондау үшін, дыбыс синхрондалуының кешігуін реттеу
қажет болуы мүмкін. Үй кинотеатрының жүйесінде
дыбысты кідірту орнатылған болса, 0-ді таңдаңыз.
DTS түнгі режимі
Контентті DTS Master Audio функциясымен көргенде,
ыңғайлы тыныш тыңдау үшін DTS түнгі режимін таңдаңыз.
Dolby аудио өңделімі
Кеңейтілген параметрлерді орнатыңыз.
• Дыбыс деңгейінің реттеуіші: дыбыс деңгейін автоматты
түрде реттеу үшін Қосу опциясын таңдаңыз.
• Диалог жетілдіргіші: сөз бағдарламасы үшін
жетілдірілген дыбыс сапасын алу үшін таңдаңыз.
• Көлемді виртуализатор: виртуалды көлемді дыбыс
тәжірибесін жасау үшін On (Қосу) опциясын таңдаңыз.
• Dolby Atmos: дыбыста биіктік өлшемін қоса алатын Dolby
Atmos қолданбасын іске қосу үшін On (Қосу) опциясын
таңдаңыз. Биіктік өлшемімен дыбысты үш өлшемді
кеңістікте дәл орналастыруға және жылжытуға болады.
Әдепкі күйге қайтару
Ағымдағы дыбыс параметрлерін әдепкі күйге қайтарыңыз.
12.3
Қуат параметрлері
MENU (МӘЗІР) > Теледидар опциялары > Қуат.
Ұйқы таймерін орнату
Қуат > Ұйқы таймері.
Алдын ала орнатылған уақыттан кейін теледидар күту
режиміне ауысады. Қалқымалы хабарлама соңғы екі
минутта пайда болғанда таймерді тоқтата аласыз.
Қуаттың тұтынылуын үнемдеу үшін экранды өшіру
режиміне қою
Қуат > Суретті өшіру.
«Суретті өшіру» опциясын таңдаңыз, теледидар экраны
өшеді, теледидар экранын қайтадан қосу үшін, қашықтан
басқару құралындағы кез келген пернені басыңыз.
Теледидарды автоматты өшіру таймерін орнату
Қуат > Таймерді өшіру.
«Таймерді өшіру» опциясын таңдаңыз, қуат үнемдеу үшін
теледидар алдын ала орнатылған уақытта автоматты түрде
өшеді. Параметр Өшірулі күйіне өзгертілмесе, таймер
тоқтамайды.
Сигнал болмағанда автоматты түрде өшу
Қуат > Сигнал болмағанда автоматты түрде өшу.
Мәнді орнату үшін навигациялық пернелерді жоғары
немесе төмен қарай басыңыз. Автоматты өшіру
функциясын өшіру үшін Өшіру опциясын таңдаңыз.
Теледидарды монитор ретінде пайдаланып немесе
теледидарды көру үшін сандық ресиверді (теледидардың
абоненттік қосымшасы (STB)) қолданып, теледидардың
қашықтан басқару құралын қолданбасаңыз, Өшіру мәніне
қою үшін, осы автоматты өшіру мүмкіндігін ажыратуыңыз
қажет.
Автоматты ұйқы таймерін орнату
Қуат > Автоматты ұйқы.
Егер теледидарға қашықтан басқару құралынан ешқандай
пәрмен берілмесе, алдын ала орнатылған уақыттан кейін
теледидар автоматты түрде күту режиміне ауысады.
12.4
Кеңейтілген опциялар
Аудио
Аудио параметрінің тілін орнату
MENU > Теледидар опциялары > Кеңейтілген
опциялар > Аудио тілі/Басты аудио/Қосалқы
аудио немесе Аудио арнасы.
Теледидар арналары бағдарлама үшін дыбысты бірнеше
тілде таратуы мүмкін. Қалаған негізгі және қосымша
дыбыс тілін орнатуға болады. Егер дыбыс осы тілдердің
бірінде қол жетімді болса, теледидар осы аудиоға
ауысады.
Көк экран
MENU (МӘЗІР) > TV options (Теледидар опциялары)
> Advanced Options (Кеңейтілген опциялар) > Blue Mute
(Көк экран).
Көк экран мүмкіндігін қосыңыз немесе өшіріңіз.
35