User Guide

Table Of Contents
18
Бағдарламалық
құрал
18.1
Бағдарламалық құралды
жаңарту
Жергілікті жаңартулар
Бағдарламалық құралды теледидарға жүктеу үшін,
жылдамдығы жоғары Интернет байланысы бар компьютер
және USB флэш-жады керек болады. Кемінде 2 ГБ бос
орны бар USB флеш дискісін пайдаланыңыз. Жазу
қорғауының ажыратылғанын тексеріңіз.
1 - Басты бет > Параметрлер > Құрылғы параметрлері >
Жүйе жаңартуы > Жергілікті жаңартулар түймесін және
OK түймесін басыңыз.
2 - Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Интернет арқылы жаңарту
Теледидар интернетке қосылса, теледидар
бағдарламалық құралын жаңарту хабарын алуыңыз
мүмкін. Жылдамдығы жоғары (кең ауқымды) интернет
байланысы қажет. Осы хабарды алсаңыз, жаңарту
орындауға кеңес береміз.
1 - Басты бет > Параметрлер > Құрылғы параметрлері >
Жүйе жаңартуы > Интернет түймесін және OK түймесін
басыңыз.
2 - Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
18.2
Бағдарламалық құрал нұсқасы
Ағымдағы теледидар бағдарламалық құралының нұсқасын
көру үшін…
1 - Басты бет > Параметрлер > Құрылғы параметрлері >
Ақпарат > Бағдарламалық құрал нұсқасы бөлімін
таңдаңыз.
2 - Нұсқа, шығарылым ескертпелері және жасалған күн
көрсетіледі. Сонымен қатар, Netflix ESN нөмірі қолжетімді
кезде көрсетіледі.
3 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін Back (Артқа) түймесін
басыңыз.
18.3
Бастапқы коды ашық
лицензиялар
Бастапқы коды ашық лицензияларды қарау үшін...
1 - Басты бет > Параметрлер > Арна бөлімін таңдаңыз
немесе Басты бет > Параметрлер > Құрылғы
параметрлері > Google көмекші бөлімін таңдаңыз.
2 - Бастапқы коды ашық лицензиялар бөлімін таңдап, OK
түймесін басыңыз.
3 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін Back (Артқа) түймесін
басыңыз.
47