User Guide

Table Of Contents
PIN коды
PIN кодын арналарды құлыптау немесе рұқсат етілмеген
әрекеттерден (мысалы теледидарды қайта орнатудан
және PIN кодын қалпына келтіруден) қорғау үшін орнатуға
болады. PIN кодын ұмытып қалған болсаңыз, 8888 кодын
пайдалану және жаңасын енгізу арқылы ағымдағысын
қайта жазуға болады.
Сурет
Сурет жоқ / бұрмаланған сурет
• Антенна теледидарға дұрыстап қосылғанын тексеріңіз.
• Дисплей көзі ретінде дұрыс құрылғы таңдалғанын
тексеріңіз.
• Сыртқы құрылғы немесе көз дұрыс қосылғанын
тексеріңіз.
Дыбыс бар, бірақ сурет жоқ
• Басқа бейне көздеріне ауыстырыңыз және одан кейін
ағымдағы көзге қайта өзгертіңіз, одан кейін Сурет
параметрлерінде сурет мәнерін қалпына келтіру немесе
Жалпы параметрлер опциясында Зауытта қалпына келтіру
әрекеттерін орындаңыз.
Антеннаның қабылдауы нашар
• Антенна теледидарға дұрыстап қосылғанын тексеріңіз.
• Дауыс зорайтқыштар, жерге қосылмаған аудио
құрылғылар, неон шамдар, биік ғимараттар және басқа
үлкен нысандар қабылдау сапасына әсер етуі мүмкін.
Мүмкін болса, антенна бағытын өзгерту немесе
құрылғыларды теледидардан ары жылжыту арқылы
қабылдау сапасын жақсартып көріңіз.
• Тек бір арнада қабылдау нашар болса, сол арнаны дәл
реттеңіз.
Құрылғыдан келетін сурет нашар
• Құрылғының дұрыстап қосылғанын тексеріңіз.
Құрылғының шығыс бейне параметрі, егер бар болса,
орнатуға болатын ең жоғарғы ажыратымдылық екенін
тексеріңіз.
• Сурет мәнерін қалпына келтіріңіз немесе басқа сурет
мәнерлеріне өзгертіңіз.
Сурет параметрлері біраздан кейін өзгереді
Бөлшек сауда режимінің Өшірулі ретінде орнатылғанына
көз жеткізіңіз. Бұл режимде параметрлерді өзгертуге және
сақтауға болады.
Жарнамалық баннер пайда болады
Бөлшек сауда режимінің Өшірулі ретінде орнатылғанына
көз жеткізіңіз. Басты бет > Параметрлер > Құрылғы
параметрлері > Бөлшек сауда режимі түймесін және OK
түймесін басыңыз
Сурет экранға сыймайды
• Басқа сурет пішіміне өзгертіңіз.
Дисплей режимін Автоматты ретінде өзгертіңіз.
Суреттің орны дұрыс емес
• Кейбір құрылғылардан келетін сурет сигналдары экранға
дұрыс сыймауы мүмкін. Қосылған құрылғының сигнал
шығысын тексеріңіз.
Дисплей режимін Автоматты ретінде өзгертіңіз.
Компьютердің суреті тұрақты емес
• Компьютер қолдау көрсетілетін ажыратымдылықты және
жаңарту жиілігін пайдаланатынын тексеріңіз.
• HDMI бейне көзі қолдау көрсетілмеген HDR мазмұны
екенін тексеріңіз.
Дыбыс
Дыбыс жоқ немесе дыбыстың сапасы нашар
Егер аудио сигнал анықталмаса, теледидар аудио
шығысын автоматты түрде өшіреді: ол бұрыс жұмыс істеуді
білдірмейді.
• Дыбыс параметрлері дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
• Барлық кабельдер дұрыстап қосылғанын тексеріңіз.
• Дыбыс өшірілмегенін немесе нөл мәніне
орнатылмағанын тексеріңіз.
• Теледидардың дыбыс шығысы үй кинотеатры
жүйесіндегі дыбыстық кіріске қосылғанын тексеріңіз.
HTS динамиктерінен дыбыс естілуі керек.
• Кейбір құрылғылар HDMI аудио шығысын қолмен қосуды
қажет етуі мүмкін. Егер HDMI аудиосы қосылып қойылған
болса, бірақ аудионы әлі де естімесеңіз, құрылғының
аудио форматын PCM (Pulse Code Modulation) деп өзгертіп
көріңіз. Нұсқауларды құрылғымен бірге келген
құжаттамадан қараңыз.
HDMI және USB
HDMI
• HDCP (жоғары өткізу жиілігі бар сандық мазмұнды
қорғау) қолдау теледидарда HDMI құрылғысынан келетін
мазмұнды көрсету үшін кететін уақытты кідірте алатынын
ескеріңіз.
• Егер теледидар HDMI құрылғысын танымаса және сурет
көрсетілмесе, көзді бір құрылғыдан екіншісіне және
қайтадан кері ауыстырыңыз.
• Сурет және HDMI көзіне қосылған құрылғы дыбысы
бұрмаланса, құрылғыны теледидардағы басқа HDMI
портына жалғаңыз және көз құрылғысының қуатын қайта
іске қосыңыз.
• Егер үзік-үзік дыбыс үзілістері болса, HDMI
құрылғысының шығыс параметрлері дұрыс екенін
тексеріңіз.
• Егер HDMI-DVI адаптерін немесе HDMI-DVI кабелін
пайдалансаңыз, қол жетімді болса, AUDIO IN (тек шағын
ұяшық) ұясына қосымша аудио кабель жалғанғанын
тексеріңіз.
HDMI EasyLink жұмыс істемейді
• HDMI құрылғылары HDMI-CEC үйлесімді екенін
тексеріңіз. EasyLink мүмкіндіктері тек HDMI-CEC үйлесімді
құрылғыларда жұмыс істейді.
Дыбыс деңгейінің белгішесі көрсетілмейді
52