User Guide

Table Of Contents
Асты
1 - EXIT (ШЫҒУ)
Ағымдағы мәзірден немесе қолданбадан шығады.
2 - Дыбыс деңгейі
Дыбыс деңгейін реттеу үшін + немесе - түймелерін
басыңыз.
3 - Нөмір пернелері
Арнаны тікелей таңдайды.
4 - MENU
(МӘЗІР)Теледидар мәзірін әдепкі теледидар
функцияларымен бірге ашады.
5 - Арна
Арналар тізімінде келесі немесе алдыңғы арнаға ауысу
үшін + немесе - түймесін басыңыз. Мәтінде/телемәтінде
келесі немесе алдыңғы бетті ашады.
6 - Дыбысты өшіру
Дыбысты өшіру немесе қалпына келтіру үшін Mute
түймесін басыңыз.
7 - TEXT / SUBTITLE (МӘТІН / СУБТИТР)
Мәтінді/телемәтінді ашады немесе жабады. Субтитр бетін
ашу үшін ұзақ басып тұрыңыз.
3.2
Инфрақызыл сенсор
Теледидар пәрмендер жіберу үшін ИҚ (инфрақызыл)
сәулелерді пайдаланатын қашықтан басқару
құралдарынан пәрмендерді ала алады. Мұндай қашықтан
басқару құралын пайдалансаңыз, қашықтан басқару
құралын теледидардың алдыңғы жағындағы инфрақызыл
сенсорға бағыттаңыз.
Ескерту
Теледидардың инфрақызыл сенсорының алдыңғы жағына
ешбір зат қоймаңыз, оның инфрақызыл сенсорды
блоктауы мүмкін.
3.3
Батареялар
Егер теледидар қашықтан басқару құралындағы пернені
басқанда реакция бермесе, батареялар қуаты таусылған
болуы мүмкін.
Батареяларды ауыстыру үшін қашықтан басқару
құралының артқы төменгі жағындағы батареялар бөлімін
ашыңыз.
1 - Батарея есігін көрсеткі көрсететін бағытта сырғытыңыз.
2 - Ескі батареяларды 2 AAA-1,5 В үлгісіндегі
батареялармен алмастырыңыз. Батареялардың + және -
жақтары дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
3 - Батарея есігін орнына салыңыз және шырт еткенше
артқа сырғытыңыз.
Қашықтан басқару құралын ұзақ уақыт бойы
пайдаланбайтын болсаңыз, батареяларды шығарып
қойыңыз.
Ескі батареяларды пайдаланып болға соң, оларды
нұсқауларға сай қоқысқа қауіпсіз тастаңыз.
Қосымша ақпарат үшін Анықтама ішінен Кілтсөздер
опциясын таңдап, Пайдалануды аяқтау деп іздеңіз.
3.4
Тазалау
Қашықтан басқару құралы сырылмайтын бетке қойылады.
Қашықтан басқару құралын тазалау үшін жұмсақ әрі
дымқыл шүберекті қолданыңыз. Теледидар мен қашықтан
басқару құралына спирт, химиялық заттар немесе
тұрмыстық тазалағыштар сияқты заттарды қолданбаңыз.
9