User manual

Table Of Contents
(Бағдарламалық құралды жаңарту) тармағын таңдап,
мәзірге кіру үшін (оң жақ) түймесін басыңыз.
2 - Current Software Info (Ағымдағы бағдарламалық құрал
туралы ақпарат) тармағын таңдап, OK түймесін басыңыз.
3 - Нұсқа, шығарылым ескертпелері және жасалған күн
көрсетіледі. Сонымен қатар, Netflix ESN нөмірі қолжетімді
кезде көрсетіледі.
4 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін (солға) түймесін
қайталап басыңыз.
Арналар тізімін көшіру
Арналар тізімін көшіру үшін…
1 - Теледидарды қосыңыз. Бұл теледидарда арналар
орнатылуы қажет.
2 - USB флэш-жадын жалғаңыз.
3 -
Settings (Параметрлер) > Channels (Арналар) >
Channel List Copy (Арналар тізімінің көшірмесі) тармағын
таңдап OK түймесін басыңыз.
4 - Copy to USB (USB құрылғысына көшіру) опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз. Арналар тізімін көшіру үшін
Child Lock (Балалардан қорғау құлпы) PIN кодын енгізу
сұралуы мүмкін.
5 - Көшіріп болғаннан кейін USB флэш-жадын ажыратыңыз.
6 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін (солға) түймесін
қайталап басыңыз.
Енді көшірілген арналар тізімін басқа Philips теледидарына
жүктеуге болады.
Арналар тізімінің нұсқасы
Арналар тізімінің ағымдағы нұсқасын тексеру...
1 -
Settings (Параметрлер) > Channels (Арналар)
тармағын таңдап, мәзірге кіру (оң жақ) түймесін
басыңыз.
2 - Channel List Copy (Арналар тізімін көшіру) және Current
Version (Ағымдағы нұсқа) опциясын таңдап, OK түймесін
басыңыз.
3 - Қажет болса, мәзірді жабу үшін (солға) түймесін
қайталап басыңыз.
Теледидарға арналар тізімін жүктеп салу
Орнатылмаған теледидарлар үшін
Теледидардың орнатылған-орнатылмағанына байланысты
арналар тізімін жүктеудің басқа әдісін пайдалануыңыз
керек.
Әлі орнатылмаған теледидарға
1 - Орнатуды бастау үшін қуат ашасын жалғап, тіл мен елді
таңдаңыз. Арналарды іздемей өтуге болады. Орнатуды
аяқтаңыз.
2 - Екінші теледидардың арналар тізімі бар USB жад
құрылғысын жалғаңыз.
3 - Арналар тізімін жүктеуді бастау үшін Параметрлер >
Арналар > Арналар тізімін көшіру > Теледидарға көшіру
тармақтарын таңдап, OK түймесін басыңыз. Қажет болған
жағдайда PIN кодын енгізіңіз.
4 - Арналар тізімі теледидарға сәтті көшірілгенде
теледидар хабар береді. USB жад құрылғысын
ажыратыңыз.
Орнатылған теледидарлар үшін
Теледидардың орнатылған-орнатылмағанына байланысты
арналар тізімін жүктеудің басқа әдісін пайдалануыңыз
керек.
Бұрыннан орнатылған теледидарға
1 - Теледидардың ел параметрін тексеріңіз. (Осы
параметрді тексеру үшін «Барлық арналарды қайта
орнату» тарауын қараңыз. Ел параметріне жеткенше осы
процедураны бастаңыз. Орнатудан бас тарту үшін Артқа
түймесін басыңыз.)
Егер ел дұрыс болса, 2-қадамға өтіңіз.
Егер ел дұрыс болмаса, қайта орнатуды бастау керек.
«Барлық арналарды қайта орнату» тарауын қарап,
орнатуды бастаңыз. Дұрыс елді таңдап, арналарды
іздемей өтіңіз. Орнатуды аяқтаңыз. Аяқтаған кезде
2-қадаммен жалғастырыңыз.
2 - Екінші теледидардың арналар тізімі бар USB жад
құрылғысын жалғаңыз.
3 - Арналар тізімін жүктеуді бастау үшін Параметрлер >
Арналар > Арналар тізімін көшіру > Теледидарға көшіру
тармақтарын таңдап, OK түймесін басыңыз. Қажет болған
жағдайда PIN кодын енгізіңіз.
4 - Арналар тізімі теледидарға сәтті көшірілгенде
теледидар хабар береді. USB жад құрылғысын
ажыратыңыз.
27