User manual

Table Of Contents
Қосымша контраст параметрлері
Контраст режимдері
Settings (Параметрлер) > Picture (Сурет) > Advanced
(Қосымша) > Contrast (Контраст) > Contrast mode (Контраст
режимі).
Теледидарды автоматты түрде контраст деңгейін
азайтатын етіп орнату үшін, қуатты үнемдеу үшін, жақсы
сурет нәтижесіне қол жеткізу үшін Қалыпты, Сурет үшін
оңтайландырылған немесе Энергияны үнемдеу үшін
оңтайландырылған опциясын таңдаңыз, не болмаса
реттеуді ажырату үшін «Өшірулі» опциясын таңдаңыз.
HDR параметрлері
HDR бағдарламаларын, яғни HDR функциясымен жазылған
бағдарламаларды көргенде HDR деңгейін көтерудің қажеті
жоқ және HDR деңгейін көтеруді басқару мүмкін
болмайды. Теледидар HDR режиміне индикациямен
автоматты түрде ауысады.
Теледидар келесі HDR пішімдерін қолдайды: Hybrid Log
Gamma, HDR10, HDR10+ және Dolby Vision, бірақ контент
провайдерлерінде осында HDR пішімінің болуына
байланысты.
HDR деңгейін көтеру
Параметрлер > Сурет > Қосымша
функциялар > Контраст > HDR деңгейін көтеру.
Суреттің жарықтығы мен контрастын күшейту
үшін, Қосу опциясын таңдаңыз. Суреттің жарықтығы
артады да, ашық пен күңгірт бөлшектер арасындағы
контраст деңгейі жоғары болады. HDR upscaling (HDR
деңгейін көтеру) функциясы түстерді қанық етіп көрсетеді.
Бейне контенті HDR функциясын қолдағанда қолжетімді
болмайды.
HDR плюс
Settings (Параметрлер) > Picture (Сурет) > Advanced
(Қосымша) > Contrast (Контраст) > HDR Plus (HDR плюс).
Жоғары контраст пен жарықтық деңгейі үшін HDR плюс
функциясын таңдаңыз.
Ескертпе. Тек HDR (Жоғары динамикалық ауқым) сигналы
анықталғанда қолданылады.
Динамикалық контраст
Settings (Параметрлер) > Picture (Сурет) > Advanced
(Қосымша) > Contrast (Контраст) > Dynamic contrast
(Динамикалық контраст).
Теледидар суретінің күңгірт, орташа және ашық
жерлеріндегі нүктелерді автоматты түрде күшейтетін
деңгейге қою үшін, Ең жоғарғы, Орташа немесе Ең төменгі
опциясын таңдаңыз.
Ескертпе. HDR сигналы анықталған кезде қолжетімді емес.
Monitor (Монитор) режимінде қолжетімді емес.
Бейне контрасты, Гамма
Бейне контрасты
Settings (Параметрлер) > Picture (Сурет) > Advanced
(Қосымша) > Contrast (Контраст) > Video contrast (Бейне
контрасты).
Бейне контрасты деңгейін реттеу үшін, (жоғары) немесе
(төмен) көрсеткілерін басыңыз.
Гамма
Settings (Параметрлер) > Picture (Сурет) > Advanced
(Қосымша) > Contrast (Контраст) > Gamma (Гамма).
Сурет ашықтығы мен контрастының сызықтық емес
параметрін орнату үшін, (жоғары)
немесе (төмен) көрсеткілерін басыңыз.
Жарық сенсоры
Settings (Параметрлер) > Picture (Сурет) > Advanced
(Қосымша) > Contrast (Контраст) > Light sensor (Жарық
сенсоры).
Сурет параметрлерінің автоматты түрде бөлменің жарық
жағдайына сай реттелуі үшін, Қосу опциясын таңдаңыз.
Қозғалыс параметрлері
Қозғалыс мәнерлері
Settings (Параметрлер) > Picture (Сурет) > Advanced
(Қосымша) > Motion (Қозғалыс) > Motion styles (Қозғалыс
мәнерлері).
Қозғалыс мәнерлері әртүрлі бейне контенті үшін
оңтайландырылған қозғалыс параметрінің режимдерін
ұсынады.
Қозғалыс бейнесінде басқаша көру нәтижесін алу үшін,
қозғалыс мәнерлерінің бірін таңдаңыз. (Өшірулі, Таза
кинотеатр, Фильм, Стандартты, Бірқалыпты, Жеке)
Төмендегі жағдайларда қолданылмайды:
Settings (Параметрлер) > Picture (Сурет) > Picture style
(Сурет мәнері) > Monitor (Монитор)
Settings (Параметрлер) > Picture (Сурет) > Picture style
(Сурет мәнері) > Game (Ойын)
50