operation manual

Table Of Contents
Keywords (Кілтсөздер) түсті пернесін басып, Pause TV
(Теледидарды кідірту), Recording (Жазу) немесе Apps
(Қолданбалар) деп іздеңіз.
7.10
USB пернетақтасы
Жалғау
Теледидарда мәтін енгізу үшін USB пернетақтасын (USB-
HID түріндегі) жалғаңыз.
Жалғау үшін USB қосылымдарының біреуін пайдаланыңыз.
Параметрлерді реттеу
Пернетақтаны орнату
USB пернетақтасын орнату үшін теледидарды қосыңыз
және USB пернетақтасын теледидардағы USB
қосылымдарының біреуіне қосыңыз. Теледидар
пернетақтаны бірінші рет анықтағанда пернетақта
орналасуын таңдауға және таңдауды сынақтан өткізуге
болады. Алдымен Cyrillic (кириллица) немесе Greek (грек)
пернетақта орналасуын таңдасаңыз, қосымша латын
пернетақта орналасуын таңдай аласыз.
Орналасу таңдалған кезде пернетақта орналасуын өзгерту
үшін…
1 -
Параметрлер > Жалпы параметрлер тармағын
таңдап, мәзірге кіру үшін (оң жақ) түймесін басыңыз.
2 - USB пернетақтасының параметрлері тармағын таңдап,
пернетақта параметрін бастау үшін OK түймесін басыңыз.
Арнайы пернелер
Мәтін енгізуге арналған пернелер
• Enter пернесі = OK
• Backspace = курсор алдындағы таңбаны жою
• Көрсеткі пернелер = мәтін өрісінде шарлау
• Пернетақта орналасуларын ауыстыру үшін, қосалқы
орналасу орнатылса, Ctrl + Spacebar (Бос орын) пернелерін
бірге басыңыз.
Қолданбалар мен интернет беттеріне арналған пернелер
• Tab және Shift + Tab = Келесі және алдыңғы
• Home = беттің жоғарғы жағына жылжу
• End = беттің төменгі жағына жылжу
• Page Up = бір бетке жоғары өту
• Page Down = бір бетке төмен өту
• * = веб-бетті экран еніне сәйкестендіру
7.11
USB жад құрылғысы
Қосылған USB жад құрылғысынан суреттерді көруге
немесе музыканы және бейнені ойнатуға болады.
Теледидар қосылып тұрғанда теледидардағы USB
қосылымдарының біреуіне USB жад құрылғысын
жалғаңыз.
Теледидар жад құрылғысын анықтап, оның мазмұнын
көрсететін тізімді ашады.
Мазмұн тізімі автоматты түрде пайда болмаса,
SOURCES пернесін басып, USB опциясын таңдаңыз.
USB жад құрылғысының мазмұнын көруді тоқтату үшін
EXIT пернесін басыңыз немесе басқа әрекетті
таңдаңыз.
USB жад құрылғысын қауіпсіз шығарып алу үшін…
1 - HOME пернесін басыңыз.
2 - Жоғарғы оң жақ бұрыштан Хабарландырулар
белгішесін таңдап, OK пернесін басыңыз.
3 - Жад құрылғысын таңдап, OK пернесін басыңыз.
4 - Шығару опциясын таңдап, OK пернесін басыңыз.
5 - Шығару процедурасы аяқталғанша күтіңіз, одан кейін
жад құрылғысын шығарып алыңыз.
USB құралындағы Ultra HD
Қосылған USB құрылғысы не жад құрылғысынан
фотосуреттерді Ultra HD ажыратымдылықта көре аласыз.
Егер суреттің ажыратымдылығы жоғары болса, теледидар
оны Ultra HD ажыратымдылығына дейін төмендетеді.
USB жад құрылғысынан контентті көру немесе ойнату
туралы қосымша ақпарат алу үшін Help (Анықтама)
бөлімінде түрлі түсті Keywords (Кілтсөздер) түймесін
басып, Photos, Videos and Music (Фотосуреттер, бейнелер
және музыка) деп іздеңіз.
33