operation manual

Table Of Contents
10
Интернет
10.1
Интернетті ашу
Интернетті теледидардан шолуға болады. Кез келген
интернет веб-сайтын көруге болады, бірақ олардың
көпшілігі теледидар экранына дайындалмаған.
• Теледидарда кейбір қосылатын модульдер (мысалы,
беттерді немесе бейнелерді көруге арналған) қол жетімді
емес.
• Файлдарды жіберуге немесе жүктеуге болады.
• Интернет беттері бір-біреуден және толық экрандық
күйде көрсетіледі.
Интернет браузерін іске қосу…
1 - HOME түймесін басыңыз.
2 - Қолданбалар > Интернет браузері бөлімін таңдап, OK
түймесін басыңыз.
3 - Интернет мекенжайын енгізіп, растау үшін таңдаңыз.
4 - Интернетті жабу үшін  HOME немесе EXIT
түймесін басыңыз.
* Ескертпе. Егер Интернет браузері Қолданбалар
қатарында болмаса,қолданбаны қосу үшін қатардың
соңындағы + белгішесін басуға болады.
10.2
Интернеттегі опциялар
Кейбір қосымшалар интернетте қолжетімді.
Қосымшаларды ашу…
1 - Веб-сайт арқылы ашып, OPTIONS түймесін басыңыз.
2 - Элементтердің біреуін таңдап, OK түймесін басыңыз.
• Жылдам теруге қосу: жаңа интернет мекенжайын енгізу.
• Бетбелгілерге қосу: бетті бетбелгі ретінде қосу
• Бет қауіпсіздігі: ағымдағы беттің қауіпсіздік деңгейін
көру.
• Жаңа жеке қойынды: жаңа жеке қойынды ашып, жеке
шолу жасау
• Параметрлер: Масштаб, Мәтін өлшемі, Арнайы
мүмкіндіктер режимі, Мәзір тақтасын әрдайым көрсету
және (шолу) журналын тазалау
• Ақпарат: Интернет браузерінің ақпараты
• Интернет браузерінен шығу: Интернет браузерін жабу
43