operation manual

3.5
Батареялар
Егер теледидар қашықтан басқару құралындағы пернені
басқанда реакция бермесе, батареялар қуаты таусылған
болуы мүмкін.
Батареяларды ауыстыру үшін қашықтан басқару
құралының алдыңғы төменгі жағындағы батареялар
бөлімін ашыңыз.
1 - Батарея есігін көрсеткі көрсететін бағытта сырғытыңыз.
2 - Ескі батареяларды 2 AAA-R03-1,5 В түріндегі
батареямен алмастырыңыз. Батареялардың + және -
жақтары дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
3 - Батарея есігін орнына салыңыз және шырт еткенше
артқа сырғытыңыз.
Қашықтан басқару құралын ұзақ уақыт бойы
пайдаланбағанда батареяларды шығарып алыңыз.
Ескі батареяларды пайдалану соңындағы нұсқауларға сай
қоқысқа қауіпсіз тастаңыз.
Қосымша ақпарат үшін Анықтама ішінен Кілтсөздер
опциясын таңдап, Пайдалануды аяқтау деп іздеңіз.
3.6
Тазалау
Қашықтан басқару құралы сырылмайтын бетке қойылады.
Қашықтан басқару құралын тазалау үшін жұмсақ әрі
дымқыл шүберекті қолданыңыз. Теледидар мен қашықтан
басқару құралына спирт, химиялық заттар немесе
тұрмыстық тазалағыштар сияқты заттарды қолданбаңыз.
10