operation manual

Арна бумалары
Спутник операторлары тегін арналарды (ашық)
жинақтайтын арна бумаларын және елге сәйкес
сұрыптауды ұсына алады. Кейбір спутниктер жазылым
бумаларын ұсынады - ақша төленетін арналар жиыны.
Бір кабельді реттеу
Бір кабель жүйесі
Антенна тарелкасын теледидарға жалғау үшін Бір кабель
жүйесін, MDU немесе Unicable жүйесін пайдалануға
болады. Спутник тарелкасын оның жүйесіндегі барлық
спутник тюнерлеріне жалғау үшін Бір кабель жүйесі бір
кабельді пайдаланады. Бір кабель жүйесі әдетте көп
қабатты үйлерде пайдаланылады. Unicable жүйесін
қолдансаңыз, орнату кезінде теледидар пайдаланушы
жолағының саны мен сәйкес жиілігі тағайындауды
сұрайды. 1 немесе 2 спутникті осы теледидардағы Unicable
арқылы орнатуға болады.
Бір кабель орнатуынан кейін кейбір арналардың жоқ
екенін байқасаңыз, бір кабель жүйесінде бірдей уақытта
басқа орнату орындалған болуы мүмкін. Жоқ арналарды
орнату үшін орнатуды қайтадан орындаңыз.
Пайдаланушы диапазонының нөмірі
Unicable жүйесінде әр қосылған спутник тюнері нөмірленуі
(мысалы, 0, 1, 2 немесе 3, т.б.) керек.
Қол жетімді пайдаланушы диапазондары мен олардың
нөмірін Unicable қорабынан алуға болады. Пайдаланушы
жолағы кейде UB түрінде қысқартылады. 4 немесе 8
пайдаланушы диапазонын ұсынатын Unicable қосқыш
қораптары бар. Параметрлерде Unicable (Бір кабель)
тармағын таңдасаңыз, теледидар өзінің бекітілген спутник
тюнері үшін бірегей пайдаланушы диапазонының нөмірін
тағайындауды сұрайды. Спутник тюнерінде Unicable
жүйесіндегі басқа спутник қабылдағышымен бірдей
пайдаланушы диапазонының нөмірі болмауы керек.
Пайдаланушы диапазонындағы жиілік
Бірегей пайдаланушы жолағының нөмірінен кейін
бекітілген спутник қабылдағышы таңдалған пайдаланушы
жолағы нөмірінің жиілігін қажет етеді. Бұл жиіліктер көбіне
Бір кабель қосқыш қорабындағы пайдаланушы жолағының
нөмірінен кейін көрсетіледі.
Арнаны қолмен жаңарту
Арнаны жаңартуды әрқашан өзіңіз бастай аласыз.
Арнаны жаңартуды қолмен бастау үшін…
1 -
түймесін басыңыз да, Барлық орнатулар опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Channels (Арналар) > Satellite Installation (Жерсерікті
орнату) опциясын таңдаңыз.
3 - Search for Channels (Арналарды іздеу) опциясын
таңдаңыз.
4 - Update Channels (Арналарды жаңарту) опциясын
таңдаңыз. Теледидар жаңарта басталады. Жаңарту
бірнеше минут алуы мүмкін.
5 - Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жаңарту бірнеше
минут алуы мүмкін.
6 - Finish (Аяқтау) пәрменін таңдап, OK түймесін басыңыз.
Жерсерікті қосу
Ағымдағы спутник орнатуына қосымша спутникті қосуға
болады. Орнатылған спутниктер мен олардың арналары
сол күйінде қалады. Кейбір операторлар спутник қосуға
рұқсат етпейді.
Қосымша спутник қосымша ретінде көрінуі керек, ол сіздің
негізгі спутник жазылымыңыз немесе арна бумасы
пайдаланылатын негізгі спутник болып табылмайды.
Әдетте, 3 спутник орнатылып қойғанда, 4-спутникті қосар
едіңіз. 4 спутник орнатылып қойған болса, жаңа спутник
қоса алу үшін алдымен біреуін жоюды ұйғаруыңыз мүмкін.
Орнату
Қазір тек 1 немесе 2 спутник орнатылған болса, ағымдағы
орнату параметрлері қосымша спутник қосуға рұқсат
етпеуі мүмкін. Орнату параметрлерін өзгертуіңіз керек
болса, толық спутник орнатуын қайта орындауыңыз керек.
Параметрлерді өзгерту қажет болса, Add satellite
(Жерсерік қосу) параметрін пайдалану мүмкін емес.
Спутник қосу үшін…
1 -
түймесін басыңыз да, Барлық орнатулар опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Channels (Арналар) > Satellite Installation (Жерсерікті
орнату) опциясын таңдаңыз.
3 - Search for satellite (Жерсерік іздеу) опциясын таңдаңыз.
4 - Add Satellite (Жерсерік қосу) опциясын
таңдаңыз. Ағымдағы спутниктер көрсетіледі.
5 - Search (Іздеу) опциясын таңдаңыз. Теледидар жаңа
спутниктерді іздейді.
6 - Теледидар бір немесе бірнеше жерсерікті тапса, Install
(Орнату) опциясын таңдаңыз. Теледидар табылған
спутниктердің арналарын орнатады.
7 - Finish (Аяқтау) опциясын таңдап, арналар мен радио
стансаларды сақтау үшін OK түймесін басыңыз.
Жерсерікті жою
Ағымдағы спутник орнатуынан бір немесе бірнеше
спутникті жоюға болады. Спутник пен оның арналарын
жоясыз. Кейбір спутник операторлары спутникті жоюға
рұқсат етпейді.
Спутниктерді жою үшін…
1 -
түймесін басыңыз да, Барлық орнатулар опциясын
таңдап, OK түймесін басыңыз.
2 - Channels (Арналар) > Satellite Installation (Жерсерікті
13