User manual

23KK
8 Ақаулықтарды
жою
Абайлаңыз
Бұл құрылғының сыртқы қорабын шешуші болмаңыз.
Кепілдіктің жарамдылығын сақтау үшін жүйені
ешқашан өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз.
Бұл құрылғыны пайдалану кезінде
проблемалар орын алса, қызмет сұраудан
бұрын төмендегі тармақтарды тексеріп
шығыңыз. Егер мәселе шешілмесе,
Philips веб-торабына (www.philips.com/
welcome) өтіңіз. Philips компаниясына
хабарласқанда, құрылғының жақында
болуын және үлгі нөмірі мен сериялық
нөмір көрініп тұруын қамтамасыз етіңіз.
Қуат жоқ
Құрылғы АТ қуат сымының
дұрыс қосылғанын тексеріңіз.
АТ розеткасында қуаттың бар екендігін
тексеріңіз.
Дыбыс жоқ
Дыбыс деңгейін реттеңіз.
Wi-Fi желісінің байланысын тексеріңіз.
Қажет болса, желіні қайтадан теңшеңіз
(ақылдасу 'AirPlay үшін үйдегі Wi-Fi
желісіне қосылу' бет 8).
Құрылғыдан жауап жоқ
Құрылғыны қайта орнату үшін
<құралдағы> түймесін 5 секундқа
басып, ұстап тұрыңыз. Одан кейін
қайтадан <құрал> үшін Wi-Fi желісін
орнатыңыз (ақылдасу 'AirPlay үшін
үйдегі Wi-Fi желісіне қосылу' бет 8).
АТ қуат сымын ажыратып, қайта
қосыңыз, одан кейін құрылғыны қайтадан
қосыңыз.
Wi-Fi желі қосылымы орындалмады
Wi-Fi маршрутизаторының Wi-Fi
802.11b/g түріне сертификатталғанын
тексеріңіз. Бұл құрылғы тек қана
Wi-Fi 802.11b/g сертификатталған
маршрутизаторларымен үйлесімді.
Wi-Fi маршрутизаторы Wi-Fi 802.11n
түріне сертификатталған болса,
802.11b/g күйі қосылғанын тексеріңіз.
<Құрал> тек қана 802.11n түрі бар
маршрутизаторлар қосылымына қолдау
көрсетпейді.
Бұл құрылғы WPS-PIN әдісіне қолдау
көрсетпейді.
Wi-Fi маршрутизаторы WPS және
WPS-PBC әдісіне қолдау көрсетсе, бірақ
<құралға> қосылмаса, Wi-Fi қолмен
орнату әдісін орындап көріңіз (ақылдасу
'2-сценарий: WPS емес маршрутизаторға
қосылу' бет 9).
Wi-Fi маршрутизаторында SSID
таратылуын қосыңыз.
Микротолқынды пештер сияқты Wi-Fi
сигналы кедергі келтіруі мүмкін ықтимал
көздерден әрі ұстаңыз.
Wi-Fi желі теңшелімі үшін дербес
компьютерді қолдана алмасаңыз,
дербес компьютердің Wi-Fi желісін
қолданатынын тексеріңіз. AirPlay желі
теңшелімі үшін Ethernet қосылымын
қолдана алмайсыз.
Үйдегі маршрутизатордың SSID
аты ешқандай бос орынсыз және
%/#/* сияқты кірістірілген арнайы
таңбаларынсыз әліпбилік таңбаларды
ғана қамтитынын тексеріңіз.
AirPlay құрылғысының «Philips_Fidelio
XXXX» атауын параметрлер
мәзірінде өзгертуді таңдасаңыз,
арнайы таңбаларды немесе белгілерді
қолданбаңыз.