User manual

3KK
Желілік сақтандырғыш
Бұл ақпарат тек Ұлыбританияға арналған
штепсельдік ұшы бар өнімдерге қатысты.
Бұл өнімде мақұлданған үлгідегі штепсельдік
ұш бар. Сақтандырғышты ауыстырған
жағдайда, онда төмендегілер болуы керек:
штепсельдік ұшта көрсетілген мәндер;
BS 1362 мақұлдауы; және
ASTA мақұлдау белгісі.
Пайдаланылатын сақтандырғыш түрі сенімді
болмаса, дилеріңізге хабарласыңыз.
Ескерту: ЭМӨ директивасына сәйкес
(2004/108/EC), штепсельдік ұшты
қуат сымынан ажыратпаңыз.
Ескерту
Осы құжат арқылы WOOX Innovations
компаниясы бұл өнімнің 1999/5/EC
директивасының негізгі талаптары мен
басқа да тиісті ережелеріне сәйкес
келетінін мәлімдейді. Сәйкестік туралы
декларацияны www.philips.com/support
сайтынан табуыңызға болады.
WOOX Innovations тікелей рұқсат
бермеген құрылғыға енгізілген қандайда
бір өзгерістер немесе түрлендірулер
пайдаланушының жабдықты пайдалану
құқығынан айыруы мүмкін.
Philips және Philips Shield Emblem —
Koninklijke Philips N.V. компаниясының
тіркелген сауда белгілері және оларды
WOOX Innovations Limited компаниясы
Koninklijke Philips N.V. компаниясынан
алған лицензия бойынша пайдаланады.
Техникалық сипаттамалары ескертусіз
өзгертіледі. WOOX кез келген уақытта
бұрынғы жеткізілген жабдықтарды
тиісінше реттеу міндетінсіз өнімдерді
өзгерту құқығын өзінде қалдырады.
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға
болатын жоғары сапалы материалдар
мен бөлшектерден жасалған.
Бұйымдағы сызылған дөңгелекшелі
қоқыс жәшігінің белгісі көрінсе, ол
бұйымдың Еуропалық 2002/96/EC
нұсқауына сәйкес оралғанын білдіреді.
Электр және электрондық бұйымдарды
қоқысқа лақтыру жергілікті
ережелерімен танысып алыңыз.
Жергілікті ережелерді сақтап, ескірген
бұйымдарды әдепкі қоқысқа қоспай,
жеке лақтыруыңызды өтінеміз. Ескі
бұйымыңызды қоқысқа дұрыс тастау
қоршаған ортаға және адам денсаулығына
кері әсерін тигізуден сақтайды.
Айналаны қорғау мәселелер ақпараты
Барлық қажетсіз орамдар алынып
тасталған. Біз орамды үш материалға
оңай ажыратылатын етіп жасауға
тырыстық: картон (қорап), көбік
полистирол (буфер) және полиэтилен
(дорбалар, қорғағыш көбік орауышы.)
Жүйе мамандандырылған компания
тарапынан бөлшектенген жағдайда
қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын
материалдардан тұрады. Орауыш
материалдар, ресурсы біткен батареялар
мен ескірген жабдықты тастауға қатысты
жергілікті ережелерді ұстаныңыз.