operation manual

7KK
3 Жұмысты
бастау
Ескерту
Осы жердегіден басқа басқару элементтерін,
реттеулерді пайдалану немесе техникалық
қызмет көрсету процедураларын орындау зиянды
радиацияның шығуын немесе қауіпсіз жұмысты
тудыруы мүмкін.
Әрдайым осы тараудағы нұсқауларды реті
бойынша орындаңыз.
Батареяны орнату
Ескерту
Жарылу қаупі бар! Батареяларды қызудан,
күн сәулесінен немесе оттан аулақ ұстаңыз.
Батареяларды отқа тастамаңыз.
Өнімді бұзып алу қаупі! Құрылғыны ұзақ уақыт
пайдаланбайтын болсаңыз, батареяны шығарып
алыңыз.
Батареяларда химиялық заттар болуы мүмкін,
сондықтан оларды қоқысқа дұрыс тастау керек.
1 Батарея бөлімін ашыңыз.
2 4 x 1,5 В R14/C CELL/UM2 батареяларын
(қамтамасыз етілмеген) дұрыс
полярлықпен (+/-) көрсетілгендей
салыңыз.
3 Батарея бөлімін жабыңыз.
Кеңес
Негізгі құрылғы батареялардан қуат алса, артқы
жарық кез келген әрекеттен кейін 5 секунд бойы
жанады.
Қуатты қосу
Ескерту
Өнімді бұзып алу қаупі! Қуат көзінің кернеуі
құрылғының артқы жағында немесе астында
көрсетілген кернеуге сәйкес екенін тексеріңіз.
Ток соғу қаупі бар! АТ қуат сымын ажыратқанда,
әрқашан ашадан тартып розеткадан суырыңыз.
Сымды ешқашан тартпаңыз.
Қамтамасыз етілген АТ қуат сымын мынаған
жалғаңыз:
негізгі құрылғыдағы Айнымалы ток 5 В ~
1 A ұяшығы;
розетка.