User manual
2 KK
1 Маңызды
ақпарат
Қауіпсіздік
Абайлаңыз
• Бұл радио-сағаттың корпусын ешқашан алмаңыз.
• Осы радио-сағаттың ешбір бөлігін ешқашан
майламаңыз.
• Бұл радио-сағатты ешқашан басқа электр
құрылғының үстіне қоюшы болмаңыз.
• Бұл радио-сағатты күн сәулесі тікелей түсетін
жерлерден, ашық жалыннан немесе қызатын
жерлерден алыс ұстаңыз.
• Радио-сағатты қуат көзінен ажырату үшін, қуат
сымына, ашаға немесе адаптерге әрдайым оңай қол
жетуін қамтамасыз етіңіз.
• Мына нұсқауларды оқып, орындаңыз.
• Желдету үшін радиосағаттың
айналасында жеткілікті бос орын бар
екендігін тексеріңіз.
• Тек өндіруші көрсеткен қосымшаларды/
қосалқы құралдарды қолданыңыз.
• Тек пайдаланушы нұсқаулығындағы
тізімде берілген қуат көздерімен
қолданыңыз.
• Найзағай ойнағанда немесе ұзақ уақыт
қолданылмағанда, осы радиосағатты ток
көзінен ажыратыңыз.
• Батареяны пайдалану туралы ЕСКЕРТУ
- Батарея ағып, нәтижесінде дене
жарақатын, мүліктің бүлінуін немесе
радиосағаттың бүлінуін болдырмау үшін:
• Батареяны радиосағатта
көрсетілгендей, + және - белгісімен
дұрыс салыңыз.
• Радиосағат ұзақ уақыт
пайдаланылмаған кезде батареяны
шығарып қойыңыз.
• Батареяны күн сәулесі, от немесе
сол сияқты шамадан тыс қызудың
әсеріне ұшыратуға болмайды.
• Осы радио-сағат үстіне судың
тамшылауына немесе шашырауына жол
беруге болмайды.
• Радиосағаттың үстіне қандай да бір қауіп
көздерін (мысалы, сұйықтық құйылған
заттар, жағылған шырақтар) қоймаңыз.
• Direct Plug-in адаптерінің ашасы ажырату
құрылғысы ретінде пайдаланылатын
жерде, ажырату құрылғысы пайдалануға
дайын болып қалуы керек.
Батареяларды жұтып қою қаупі бар!
• Құралда жұтуға болатын тиынға/түймеге
ұқсас батарея болуы мүмкін. Барлық
жағдайда батареяны балалардан аулақ
ұстаңыз! Жұтылған жағдайда батарея
ауыр жарақатқа немесе өлімге себеп
болуы мүмкін. Жұтылғаннан кейін екі
сағат ішінде ішкі мүшелердің күйіп қалу
қауіпі бар.
• Батареяны жұтып қойды немесе
денесінің басқа жеріне кіріп кетті
деп күдіктенсеңіз, дереу дәрігерге
қаралыңыз.
• Батареяны ауыстыру кезінде, барлық
жаңа және ескі батареяларды
балалардың қолы жетпейтін жерде
ұстаңыз. Батареяны ауыстырғаннан кейін,
батарея бөлімінің жақсылап жабылғанын
тексеріңіз.
• Егер батарея бөлімін жақсылап жабу
мүмкін болмаса, өнімді қолданбаңыз.
Балалардың қолы жетпейтін жерге
қойып, өндірушіге хабарласыңыз.
Ескертпе
• Типтік кесте құрылғының астыңғы жағында.










