User manual

2 KK
1 Маңызды
ақпарат
Қауіпсіздік
Абайлаңыз
Бұл радио-сағаттың корпусын ешқашан алмаңыз.
Осы радио-сағаттың ешбір бөлігін ешқашан
майламаңыз.
Бұл радио-сағатты ешқашан басқа электр
құрылғының үстіне қоюшы болмаңыз.
Бұл радио-сағатты күн сәулесі тікелей түсетін
жерлерден, ашық жалыннан немесе қызатын
жерлерден алыс ұстаңыз.
Радио-сағатты қуат көзінен ажырату үшін, қуат
сымына, ашаға немесе адаптерге әрдайым оңай қол
жетуін қамтамасыз етіңіз.
Мына нұсқауларды оқып, орындаңыз.
Желдету үшін өнім айналасында
жеткілікті бос орын бар екендігін
тексеріңіз.
Әсіресе қуат сымының ашаларын,
электр розеткаларын және олардың
радиосағаттан шығатын жерлерін
басылып немесе қысылып қалудан
қорғаңыз.
Барлық қызмет көрсету жұмыстарын
білікті қызмет көрсетуші мамандарға
істетіңіз. Радиосағаттың қуат сымы
немесе ашасы бүлінген болса, оған су
тиіп немесе үстіне зат құлаған болса,
оған жаңбыр немесе ылғал заттар тисе,
ол дұрыс жұмыс істемей тұрса немесе
құлап қалған және басқаша бүлінген
болса, оны жөндеу қажет.
Тек өндіруші көрсеткен қосымшаларды/
қосалқы құралдарды қолданыңыз.
Тек пайдаланушы нұсқаулығындағы
тізімде берілген қуат көздерімен
қолданыңыз.
Найзағай ойнағанда немесе ұзақ уақыт
қолданылмағанда, осы радиосағатты ток
көзінен ажыратыңыз.
Батареяны пайдалану туралы ЕСКЕРТУ
- Батарея ағып, нәтижесінде дене
жарақатын, мүліктің бүлінуін немесе
радиосағаттың бүлінуін болдырмау үшін:
Батареяны радиосағатта
көрсетілгендей, + және - белгісімен
дұрыс салыңыз.
Батареяларды араластырып
пайдаланбаңыз (ескі және жаңа
немесе көміртекті және сілтілі, т.б.).
Радиосағат ұзақ уақыт
пайдаланылмаған кезде батареяны
шығарып қойыңыз.
Батареяларды күн сәулесі, от немесе
т.с.с сияқты артық қызу көзіне
шығармау керек.
Осы радио-сағат үстіне судың
тамшылауына немесе шашырауына жол
беруге болмайды.
Радиосағаттың үстіне қандай да бір қауіп
көздерін (мысалы, сұйықтық құйылған
заттар, жағылған шырақтар) қоймаңыз.
Direct Plug-in адаптерінің ашасы ажырату
құрылғысы ретінде пайдаланылатын
жерде, ажырату құрылғысы пайдалануға
дайын болып қалуы керек.
Ескертпе
Үлгілік тақта өнімнің батарея салғышында
орналасқан.