operation manual

13KK
Төмендегі ақпаратта (қол жетімді болса)
жылжу үшін DISPLAY түймесін қайталап
басыңыз:
Динамикалық белгі сегменті (DLS)
Сигналдың күші
Бағдарлама түрі (PTY)
Топтың атауы
Жиілік
Сигнал қатесінің жиілігі
Бит жылдамдығының кодегі
Уақыт
Күн
DAB мәзірлерін пайдалану
1 DAB режимінде DAB мәзірлеріне
қатынасу үшін MENU түймесін басыңыз.
2 Мәзірлер арасында өту үшін /
түймесін басыңыз.
[FULL SCAN]: DAB станцияларын
іздеу.
[MANUAL]: станцияны қолмен
реттеу.
[DRC]: DRC қосу немесе ажырату.
[PRUNE]: қате станцияларды жою.
[SYSTEM]: жүйе параметрінің мәзірін
ашу.
3 Мәзірге кіру үшін OK түймесін басыңыз.
Станцияларды қайтадан іздеу
Толық іздеу DAB радиостанцияларын
кең ауқымды іздеуді орындау үшін
пайдаланылады.
Автоматты іздеуді белсендіру үшін OK
түймесін басыңыз.
» Бұл өнім жеткілікті сигнал күші бар
радиостанцияларды автоматты
түрде сақтайды.
Станцияны қолмен реттеу
Бұл мүмкіндік көмегімен белгілі бір арнаға/
жиілікке қолмен реттеуге болады. Жақсырақ
радио қабылдау үшін антеннаның бағытына
қоса, оңтайлы қабылдауды осы мүмкіндік
көмегімен де алуға болады.
1 Станциялар тізімін ашу үшін OK
түймесін басыңыз.
2 Станцияны таңдау үшін /
түймесін басыңыз.
3 Опцияны құптау үшін OK түймесін
басыңыз.
DRC (динамикалық ауқымды
басқару)
DRC радиостанциялар арасындағы
динамикалық ауқымдағы айырмашылықтар
үшін түзетілім дәрежесін қосады немесе
жояды.
1 Ішкі мәзірлерді ашу үшін OK түймесін
басыңыз.
2 Опцияны таңдау үшін / түймесін
басыңыз:
[DRC OFF]: түзетілім
қолданылмайды.
[DRC LOW]: орташа түзетілім
қолданылады.
[DRC HIGH]: ең үлкен түзетілім
қолданылады.
3 Таңдауды растау үшін OK түймесін
басыңыз.