operation manual

3KK
Ескерту
Бұл өнім Еуропа қоғамдастығының радио
кедергілеріне қойылатын талаптарына сай.
WOOX Innovations тікелей рұқсат бермеген
құрылғыға енгізілген қандайда бір өзгерістер
немесе түрлендірулер пайдаланушының
жабдықты пайдалану құқығынан айыруы
мүмкін.
Ескірген өнімді тастау
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға
болатын жоғары сапалы материалдар мен
бөлшектерден жасалған.
Өнімдегі бұл таңба өнімнің 2012/19/
EU еуропалық директивасы арқылы
қамтылатынын білдіреді. Электр және
электрондық бұйымдардың қалдықтарын
жинау жөніндегі жергілікті ережелерімен
танысып алыңыз. Жергілікті ережелерді
орындаңыз және бұйымдарды әдеттегі
тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Ескі бұйымдарды қоқысқа дұрыс тастау
қоршаған ортаға және адам денсаулығына
тиетін зиянды әсерлердің алдын алуға
көмектеседі.
Айналаны қорғау мәселелер ақпараты
Барлық қажетсіз орамдар алынып тасталған.
Біз орауышты үш материалға оңай бөлінетін
етіп жасауға тырыстық: картон (қорап),
қағаз полистирол (буфер) және полиэтилен
(сөмкелер, қорғағыш көбік орауышы.)
Жүйе мамандандырылған компания
тарапынан бөлшектенген жағдайда
қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын
материалдардан тұрады. Орауыш
материалдар, ресурсы біткен батареялар
мен ескірген жабдықты тастауға қатысты
жергілікті ережелерді ұстаныңыз.
Бұл құрылғы мына белгілерді қамтиды:
II сыныпты жабдық таңбасы
Бұл таңба осы құрылғыда екі еселік оқшаулау
жүйесінің бар екендігін көрсетеді.
Көшіруден қорғалған материалдың, соның
ішінде компьютерлік бағдарламалардың,
файлдардың, телерадио хабарлары мен
дыбыстық жазбалардың көшірмелерін
рұқсатсыз жасау авторлық құқықты бұзу
және қылмыстық іс болуы мүмкін. Бұл жабдық
осындай мақсаттарда пайдаланылмауы тиіс.
Ескертпе
Типтік кесте құрылғының астыңғы жағында.