User manual

13
Қазақша
KK
5 Басқа
мүмкіндіктер
Микробағдарламаны
жаңарту
Абайлаңыз
Динамикті үнемі микробағдарламаны жаңартуға
арналған айнымалы ток көзіне жалғаңыз.
Микробағдарламаны жетілдіруді аяқтау алдында
динамик қуатын өшірмеңіз немесе USB жаппай
сақтау құрылғысын ажыратпаңыз.
Ескертпе
USB флешкасы FAT16/32 пішімделгенін тексеріңіз.
1 PC/Mac компьютерінде www.philips.com/
support торабына өтіңіз.
2 Ең соңғы қол жетімді
микробағдарламаны жаңарту файлын
табу үшін үлгі нөмірін енгізіңіз.
www.philips.com/support
XXXX
XXXX. zip
3 Жаңарту файлын (BM7.bin) USB
флешкасының түбірлік каталогіне
шығарып сақтаңыз.
4 Динамиктің айнымалы ток қуатын
ажыратыңыз.
5 USB флешкасын динамиктің артқы
жағындағы USB ұясына жалғаңыз.
6 Айнымалы ток қуатын қайта жалғап,
динамикті қосыңыз.
7 USB флешкасын алып тастамай,
микробағдарлама жаңартуын 3-4 минут
күтіңіз.
» Микробағдарламаны жаңартудан
кейін динамиктегі барлық
көрсеткіштер бір уақытта жанады.
Топ күйін қайта орнату
Топтастыру мәселелері жағдайында
динамикті ине сияқты ұшты нысанмен
қайта орнатуға болады.
» Динамик автоматты түрде қайта
жүктеледі.