User manual

KK
1
1 Маңызды
Қауіпсіздік
Ескерту
Бұл динамиктің корпусын ешқашан алмаңыз.
Бұл динамикті басқа электр жабдыққа
ешқашан қоймаңыз.
Бұл динамикті тік күн жарығынан, ашық
жалыннан немесе жылудан аулақ ұстаңыз
Тек өндіруші көрсеткен
саптамаларды немесе қосалқы
құралдарды пайдаланыңыз.
Батареяға күн шуағы, от немесе сол
сияқты артық жылу әсерін тигізбеу
керек
Динамикке ешбір қауіп көздерін
(мысалы, жанған майшамдарды)
қоймаңыз.
USB/AUDIO IN ұяшық қақпағы
жіксіз жабылса ғана динамик IPX7
су өткізбеу туралы стандартқа сай
болады.
Динамиктің жұмыс температурасы
-10 °C және 40 °C арасында болады.
Ескертпе
Түр тақтайшасы динамиктің төменгі жағында
орналасқан.
Ескерту
Philips ашық түрде бекітпеген осы
құрылғыға енгізілген кез келген
өзгертулер пайдаланушының жабдықты
пайдалану құқығын жоюы мүмкін.
Талаптарға сәйкестік
Осымен, Philips бұл өнім 2014/53/EU
директивасының негізгі талаптарына
және басқа қатысты шарттарына сай
екенін жариялайды. Сәйкестік туралы
декларацияны www.philips.com/support
бетінде таба аласыз.
Қоршаған ортаны қорғау
Ескі өнімді және батареяны қоқысқа
лақтыру
Өніміңіз қайта өңдеуге және қайта
пайдалануға болатын жоғары сапалы
материалдар мен құрамдастарды
пайдаланып жобаланған және
өндірілген.
Өнімдегі осы таңба өнімді 2012/19/EU
еуропалық директивасы қамтитынын
білдіреді.
Бұл таңба өнім 2013/56/EU еуропалық
директивасы қамтитын, қалыпты
тұрмыстық қоқыспен бірге қоқысқа
лақтыру мүмкін еме кірістірілген
батареяны қамтитынын білдіреді. Маман
қайта зарядталатын батареяны алуы
үшін өнімді ресми жинау орнына немесе
Philips сервистік орталығына апару
ұсынылады.