operation manual

6 KK
4 Bluetooth
құрылғыларын
пайдалану
Бұл динамикпен Bluetooth қосылған
құрылғылардан дыбысты тыңдауға және
Bluetooth арқылы кіріс қоңырауын басқаруға
болады.
Құрылғыны қосу
Ескертпе
Bluetooth құрылғысының осы динамикпен үйлесімді
екенін тексеріңіз.
Құрылғыны осы динамикпен жұптамастан бұрын
оның Bluetooth үйлесімділігіне арналған пайдаланушы
нұсқаулығын оқыңыз.
Динамик ең көбі 4 жұпталған құрылғыны есте сақтай
алады.
Құрылғыдағы Bluetooth функциясы қосулы
екенін және құрылғыңыз барлық басқа Bluetooth
құрылғыларына көрінетіндей орнатылғанын
тексеріңіз.
Осы динамик пен Bluetooth құрылғысының
арасындағы кез келген кедергі жұмыс ауқымын
қысқартуы мүмкін.
Кедергі келтіруі мүмкін кез келген басқа электр
құрылғысынан алыс ұстаңыз.
1-параметр: құрылғыны NFC арқылы
қосу
Near Field Communication (NFC) — ұялы
телефондар және IC тегтері сияқты әр түрлі
NFC үйлесімді құрылғылар арасында қысқа
ауқымды сымсыз байланысқа мүмкіндік
беретін технология.
Bluetooth құрылғыңыз NFC технологиясын
қолдаса, оны осы динамикпен оңай қоса
аласыз.
1 Құрылғыда NFC және Bluetooth
функцияларын қосыңыз (құрылғының
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).
2 Осы динамикте түймесін басыңыз.
» ЖШД көрсеткіші көк түсті болып
жыпылықтайды.
3 Динамиктің жоғарғы жағындағы NFC
тегіне Bluetooth құрылғысының NFC
аумағын тигізіңіз.
4 Жұптау және қосу әрекетін аяқтау үшін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
» Сәтті қосудан кейін кейін динамик
екі рет сигнал шығарады және ЖШД
көрсеткіші тұтас көк түспен жанады.
2-параметр: құрылғыны қолмен қосу
Ескертпе
Осы динамик пен Bluetooth құрылғысы арасындағы
жұмыс ауқымы шамамен 10 метр (30 фут).
1 түймесін басыңыз.
» ЖШД көрсеткіші көк түсті болып
жыпылықтайды.
2 Bluetooth құрылғысында Bluetooth
функциясын қосыңыз және жұптастыруға
болатын Bluetooth құрылғыларын іздеңіз
(құрылғының пайдаланушы нұсқаулығын
қараңыз).
3 Құрылғыда [Philips BT4000]
көрсетілгенде жұптастыруды және
қосуды бастау үшін соны таңдаңыз.
Қажет болса, жұптау құпия сөзі ретінде
«0000» мәнін енгізіңіз.
» Сәтті жұптап, қосқаннан кейін,
динамик екі рет сигнал шығарады
және ЖШД көрсеткіші тұтас көк
түске айналады.