User manual

13KK
9 Ескерту
Gibson тікелей рұқсат бермеген құрылғыға
енгізілген қандай да бір өзгерістер немесе
модификациялар пайдаланушыны жабдықты
пайдалану құқығынан айыруы мүмкін.
Сәйкестік
Осы құжат арқылы Gibson Innovations
компаниясы бұл өнімнің 1999/5/EC
директивасының негізгі талаптары мен
басқа да тиісті ережелеріне сәйкес келетінін
мәлімдейді. Сәйкестік туралы декларацияны
www.philips.com/support сайтынан
табуыңызға болады.
Қоршаған ортаны күту
Ескірген бұйымдарды және батареяны жою
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға
болатын жоғары сапалы материалдар мен
бөлшектерден жасалған.
Өнімдегі бұл таңба өнімнің 2012/19/
EU еуропалық директивасы арқылы
қамтылатынын білдіреді.
Өнімдегі бұл таңба өнімде 2013/56/EО
еуропалық директивасына сай келетін,
қалыпты тұрмыстық қоқыспен бірге тастауға
болмайтын батареялар бар екенін білдіреді.
Кәсіпқой зарядталмалы батареяны алуы үшін
өнімді ресми жинау орнына немесе Philips
сервистік орталығына апару ұсынылады.
Электр және электрондық өнімдер мен
зарядталмалы батареяларға арналған
жергілікті жеке жинау жүйесімен танысыңыз.
Жергілікті ережелерді орындаңыз және
өнім мен батареяларды ешқашан қалыпты
тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз.
Ескі өнімдер мен батареяларды қоқысқа
дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам
денсаулығына зиянды әсерлер тигізбеуге
көмектеседі.
Ескерту
Кірістірілген батареяны шығарып алу кепілдікті
жарамсыз етеді және өнімді бұзуы мүмкін.
Ішкі батареяны алу үшін өнімді әрдайым
кәсіпқой маманға апарыңыз.
Айналаны қорғау мәселелер ақпараты