User manual
8 KK
Қуатты қосу
Ескерту
• Өнімді бұзып алу қаупі! Қуат көзінің кернеуі
құрылғының артқы жағында немесе астында
көрсетілген кернеуге сәйкес екенін тексеріңіз.
• Айнымалы ток сымын қосудың алдында барлық
басқа қосылымдарды аяқтағаныңызды тексеріңіз.
Қуат кабелін қабырға розеткасына қосыңыз.
Қашықтан басқару құралын
дайындау
Ескерту
• Өнімді бұзып алу қаупі! Қашықтан басқару құралы
ұзақ уақыт пайдаланылмайтын жағдайда батареяны
алып тастаңыз.
Қашықтан басқару құралының батареясын
салу үшін:
1 Батарея бөлімін ашыңыз.
2 Жинақта берілген AAA батареясын
көрсетілгендей полярлықтарын (+/-)
дұрыс қаратып салыңыз.
3 Батарея бөлімін жабыңыз.
Мүмкіндіктерді көрсету
Осы құрылғының мүмкіндіктерін көрсету үшін
күту режимінде түймесін басыңыз.
» Мүмкіндіктер дисплей панелінде бір-
бірлеп көрсетіледі.
• Көрсетілімді өшіру үшін түймесін
қайтадан басыңыз.
Сағатты орнату
1 Bluetooth режимінде қашықтан басқару
құралындағы CLOCK түймеcін 3 секунд
басып тұрыңыз.
» [24H] немесе [12H] сағат пішімі
көрсетіледі.
2 [24H] немесе [12H] сағаттық пішімін
таңдау үшін / түймесін басыңыз.
3 Растау үшін CLOCK түймесін басыңыз.
» Сағат сандары көрсетіліп,
жыпылықтай бастайды.
4 Сағатты, минутты орнату және уақыт
сигналдарын жіберетін RDS радиосымен
және DAB станциясымен сағатты
синхрондау үшін 2-3-ші қадамдарды
қайталаңыз.
Ескертпе
• Егер 90 секунд ішінде ешқандай түйме басылмаса,
құрылғы сағатты орнату режимінен автоматты түрде
шығады.
Кеңес
• Қуат қосулы режимде сағат ақпаратын көру үшін
CLOCK түймесін басуға болады.