User manual

8 KK
Қашықтан басқару құралын
дайындау
Ескерту
Жарылу қаупі бар! Батареяларды қызудан,
күн сәулесінен немесе оттан аулақ ұстаңыз.
Батареяларды отқа тастамаңыз.
Батареяның қызмет мерзімінің азаю қаупі бар!
Батареялардың әртүрлі брендтерін немесе түрлерін
ешқашан араластырмаңыз.
Өнімді бұзып алу қаупі! Қашықтан басқару құралы
ұзақ уақыт пайдаланылмайтын болса, батареяларын
шығарып қойыңыз.
Қашықтан басқару құралының батареясын
салу үшін:
1 Батарея бөлімін ашыңыз.
2 Жинақта берілген AAA батареясын
көрсетілгендей полярлықтарын (+/-)
дұрыс қаратып салыңыз.
3 Батарея бөлімін жабыңыз.
Сағатты орнату
1
Күту режимінде қашықтан басқару
құралындағы CLOCK түймесін екі
секундтан аса басып тұрыңыз.
» [24H] не [12H] сағаттық формат
көрсетіледі.
2 [24H] не [12H] сағаттық форматын
таңдау үшін
/ түймесін басыңыз.
3 растау үшін CLOCK түймесін басыңыз.
» Сағат сандары көрсетіліп,
жыпылықтай бастайды.
4 Сағат пен минутты орнату үшін 2-3
қадамдарды қайталаңыз.
Ескертпе
Егер 90 секундтың ішінде ешқандай түйме
басылмаса, жүйе сағат орнату режимінен автоматты
түрде шығады.
Кеңес
Қосулы кезде CLOCK түймесін басып, сағат
ақпаратын көруге болады.
Қосу
түймесін басыңыз.
» Құрылғы соңғы таңдалған көзге ауысады.
Күту режиміне ауысу
Құрылғыны күту режиміне шығару үшін
түймесін қайтадан басыңыз.
» Панельде сағат (орнатылған болса)
көрсетіледі.
ECO күту режиміне ауысу:
түймесін екі секундтан аса басып тұрыңыз.
» Дисплей панелі күңгірттеледі.
Ескертпе
Құрылғы күту режиміндегі 15 минуттан кейін қуат
үнемдеу режиміне ауысады.
Күту режимі мен қуат үнемдеу режимі
арасында ауысу:
түймесін екі секундтан аса басып тұрыңыз.