User manual

18 KK
Bluetooth функциясы қосылған құрылғымен
байланыс орнағаннан кейін дыбыс сапасы
нашар.
Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны
осы құрылғыға жақындатыңыз
немесе олардың арасындағы барлық
кедергілерді алып тастаңыз.
Bluetooth бұл құрылғымен байланыса
алмайды.
Бұл құрылғыға қажетті профильдерді
құрылғы қолдамайды.
Құрылғының Bluetooth функциясы
қосылмаған. Бұл функцияны қосу әдісі
туралы анықтама алу үшін құрылғының
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Бұл құрылғы жұптастыру режимінде
емес.
Бұл құрылғы Bluetooth арқылы басқа
құрылғымен қосылып қойған. Бұл
құрылғыны ажыратып, әрекетті
қайталаңыз.
Жұптасқан мобильді құрылғы тұрақты
қосылып ажырайды.
Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны
осы құрылғыға жақындатыңыз
немесе олардың арасындағы барлық
кедергілерді алып тастаңыз.
Қоңырау шалғанда немесе аяқтағанда,
кейбір ұялы телефондар үнемі қосылып
ажырауы мүмкін. Ол осы құрылғының
ақаулығын білдірмейді.
Кейбір құрылғыларда Bluetooth
байланысы қуатты үнемдеу мүмкіндігі
ретінде автоматты түрде өшуі мүмкін.
Ол осы құрылғының ақаулығын
білдірмейді.
Таймер істемейді
Сағатты дұрыс орнатыңыз.
Таймерді қосыңыз.
Сағат/таймер параметрін өшірілген
Токқа кедергі келтірілген немесе электр
шнуры ажыратылған.
Сағатты/таймерді қалпына келтіріңіз.