operation manual

Қайнату құралын алу және салу
Қайнату құралын алу, салу және тазалау жолының толық бейне нұсқаулары үшін
www.philips.com/coffee-care торабына өтіңіз.
Қайнату құралын машинадан шығарып алу
1 Құрылғыны өшіріңіз.
2 Су ыдысын алып, қызмет көрсету есігін (сурет 20) ашыңыз.
3 PUSH (Басу) сабын (сурет 21) басып, қайнату құралы тұтқасын тартып, құрылғыдан (сурет 22)
алыңыз.
Қайнату құралын қайта салу
Қайнату құралын құрылғыға қайта сырғыту алдында, дұрыс күйде екендігін тексеріңіз.
1 Қайнату құралы дұрыс орында екендігін тексеріңіз. Қайнату құралының бүйіріндегі сары
цилиндріндегі көрсеткі қара көрсеткімен және N (сурет 23) белгісімен тураланған.
-
Егер олар тураланбаса, иінтірек қайнату құралы (сурет 24) негізімен байланысқанша басыңыз.
2 Қайнату құралын бағыттағыштар (сурет 25) бойымен орнына сырт (сурет 26) етіп түскенше
машинаға сырғытыңыз. PUSH (Басу) түймесін баспаңыз.
3 Қызмет көрсету есігін жауып, су ыдысын кері салыңыз.
Тазалау және техникалық қызмет көрсету
Жүйелі тазалау және техникалық қызмет көрсету құрылғыны жақсы күйде сақтайды және жақсы дәмді
кофе мен тұрақты кофе ағынын ұзақ уақыт қамтамасыз етеді.
Құрылғының барлық алынбалы бөлшектерін тазалау уақыты мен әдісі туралық толық сипаттаманы
төмендегі кестеден қараңыз. Толық ақпарат пен нұсқауларды www.philips.com/coffee-care торабынан
таба аласыз. Ыдыс жуғышта тазалауға болатын бөлшектер шолуын D суретінен қараңыз.
Алынбалы
бөлшектер
Тазалау уақыты Тазалау әдісі
Қайнату құралы Апта сайын Қайнату құралын құрылғыдан шығарып алыңыз.
Оны ағын сумен шайыңыз.
Ай сайын Philips кофе майын кетіргіш таблеткасымен
қайнату құралын тазалаңыз.
Классикалық сүт
көпірткіш
Қолданған сайын Алдымен, дұрыстап тазалау үшін құрылғыға
тіркелген сүт көпірткішпен ыстық су тамызыңыз.
Одан кейін құрылғыдан сүт көпірткішті алып, оны
бөлшектеңіз. Барлық бөлшектерді ағын суда
немесе ыдыс жуғышта тазалаңыз.
Алдын ала
ұнтақталған кофе
бөлімі
Алдын ала ұнтақталған кофе
бөлімін бітелген-бітелмегенін
апта сайын тексеріңіз.
Машинаны ажыратып, қайнату құралын алыңыз.
Алдын ала ұнтақталған кофе бөлімі қақпағын
ашып, оған қасық сабын салыңыз. Бітеген
ұнтақталған кофе төмен (сурет 27) түскенше
тұтқаны жоғары және төмен жылжытыңыз. Толық
бейне нұсқаулары үшін www.philips.com/coffee-
care торабына кіріңіз.
38
Қазақша