Manual with important information

Table Of Contents
Қазақша
Маңызды қауіпсіздік ақпараты - Қосымша
пайдалану құжаттамасын
Құрылғы қауіпсіздік мүмкіндіктерімен жабдықталған. Дегенмен, құрылғыны дұрыс пайдаланбауға
байланысты кездейсоқ жарақаттануды немесе зақымды болдырмау үшін қауіпсіздік туралы
нұсқауларды мұқият оқып, орындаңыз және құрылғыны тек осы нұсқауларда сипатталғандай
пайдаланыңыз. Осы қауіпсіздік кітапшасын болашақта қарау үшін сақтап қойыңыз.
Абайлаңыз
Жалпы ақпарат
-
Құралды қоспас бұрын, құрылғыда көрсетілген кернеу жергілікті розетканың кернеуіне сәйкес
келетінін тексеріңіз.
-
Құрылғыны жерге қосылған розеткаға жалғаңыз.
-
Қуат сымы үстел немесе жұмыс орны жиегінен салбырап тұрмауы тиіс және ыстық беттерге тимеуі
керек.
-
Ток соғу қаупін болдырмау үшін құрылғыны, электр тығынын немесе қуат сымын суға немесе басқа
сұйықтыққа ешқашан батырмаңыз.
-
Қуат сымы жалғағышына сұйықтықтарды ешқашан құймаңыз.
-
Күйік қаупін болдырмау үшін дене бөліктерін құрылғыдан шығатын ыстық су ағынынан алыс
ұстаңыз.
-
Ыстық беттерді ұстамаңыз. Саптарын және тұтқаларын қолданыңыз.
-
Артқы тақтадағы (бар болса) негізгі қосқышпен құрылғыны өшіріп, электр тығынын қабырға
розеткасынан алып тастаңыз:
-
Егер ақаулық орын алса.
-
Егер құрал ұзақ уақыт пайдаланылмаса.
-
Құрылғыны тазалау алдында.
-
Қуат сымынан емес, тығынынан тартыңыз.
-
Электр тығынын ылғалды қолдармен түртпеңіз.
-
Электр тығыны, қуат сымы немесе құрылғының өзі зақымданған болса, құрылғыны қолданбаңыз.
-
Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны тек Philips, Philips мақұлдаған
қызмет орталығы немесе білікті мамандар ауыстыруы керек.
-
Құрылығыға немесе қуат сымына өзгерістер жасамаңыз.
-
Қауіптіболдырмау үшін жөндеу жұмыстары тек Philips ұйымымен өкілеттік берілген қызмет
орталығымен орындалуы керек.
-
Құрылғыны 8 жастан кіші балалар пайдаланбауы керек.
-
Бақылау астында болса немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулар алған болса және
байланысты қауіптерді түсінсе, бұл құрылғыны 8 және одан жоғары жастағы балаларға және дене,
сезу немесе ақыл-ой қабілеттері кем немесе тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға пайдалануға
болады.
-
Тазалау мен пайдаланушыға техникалық қызмет көрсету қызметтерін 8 жастан кіші және
бақылаусыз балаларға орындауға болмайды.
-
Құрылғыны, керек-жарақтарын және оның сымын 8 жасқа толмаған балалардың қолы жетпейтін
жерге қойыңыз.
-
Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалаған жөн.
-
Кофе тартқышқа саусақтар немесе басқа нысандар ешқашан салмаңыз.
96
Қазақша