operation manual

Қайнату құралын тазалау
Ескерту: Қайнату құралын алып тазалау әдісі туралы бейнелер үшін QR
кодын сканерлеңіз немесе www.philips.com/coffee-care веб-сайтына
кіріңіз.
Абайлаңыз: Қайнату құралын ыдыс жуу құрылғысында тазаламаңыз және
оны тазалау үшін жуу сұйықтығын немесе тазалағыш зат пайдаланбаңыз.
Бұл қайнату құралының ақаулығына себеп болып, кофе дәміне кері әсер етуі
мүмкін.
Қайнату құралын ағын су астында тазалау
1 Құрылғыны өшіріп, розеткадан ажыратыңыз.
2 Кофе дәндері ыдысымен тамшы науасын алып тастаңыз.
3 Қызмет көрсету есігін ашыңыз.
2
1
4 PUSH (Басу) түймесін (1) басып, қайнату құралы тұтқасын тартып,
құрылғыдан (2) алыңыз.
5 Қайнату құралын жылы сумен дұрыстап шайыңыз. Жоғарғы сүзгіні
абайлап тазалаңыз.
6 Қайнату құралын ауада құрғатыңыз.
Ескерту: Талшықтардың қайнату құралында жиналуын болдырмау үшін
қайнату құралын шүберекпен сүртпеңіз.
Кофе майын кетіргіш үстелдерімен қайнату құралын тазалау
Абайлаңыз: Тазалау үшін тек Philips/Saeco кофе майын кетіргіш
таблеткаларын пайдаланыңыз. Оларда қақ түсіру функциясы болмайды.
1 Кофе тамызу шүмегі астына ыдысты қойыңыз.
2 Алдын ала ұнтақталған кофе таңдау үшін AROMA STRENGTH (Иіс күші)
түймесін басыңыз.
141
Қазақша