operation manual

Классикалық сүт көпірткішті тазалау
Соңғы қолданыс күнінен кейін
1 Классикалық сүт көпірткішті бу түтікшесінен алып, оны таза сумен
шайыңыз.
2 Бу түтікшесін ылғалды дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
3 Барлық классикалық сүт көпірткіш бөліктерін қайта монтаждаңыз.
Қақ түсіру процедурасы
Дисплейде START CALC CLEAN (Қақ түсіруді бастау) көрсетілген кезде
құрылғы қағын тазалау керек. Егер дисплейде осы хабар пайда болған кезде
құрылғы қағын тазаламасаңыз, нәтижесінде құрылғы дұрыс жұмыс істемей
қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда жөндеу жұмысы кепілдікпен қамтылмайды.
Құрылғының қағын түсіру үшін тек Philips/Saeco қақ түсіру ерітіндісін
пайдаланыңыз. Басқа өнімдерді пайдалану машинаны зақымдауы және суда
қалдықтар қалдыруы мүмкін. Saeco қақ түсіру ерітіндісін
www.philips.com/coffee-care веб-сайтында онлайн дүкенде сатып алуға
болады.
Қақтан тазалау процедурасы 30 минутқа созылады және қақтан тазалау
циклі мен шаю циклінен тұрады. Қақ түсіру немесе шаю циклін шығу түймесін
басумен уақытша тоқтатуға болады. Қақ түсіру немесе шаю циклін
жалғастыру үшін OK түймесін басыңыз.
Ескерту: Қақ түсіру процедурасы кезінде қайнату құралын алмаңыз.
Абайлаңыз! Қақ түсіру процедурасы кезінде қақ түсіру ерітіндісін
немесе тамған суды ішпеңіз.
1 Тамшы науасын және кофе дәндері ыдысын алып, босатып тазалап, кері
орнына салыңыз.
2 Бу түтікшесінен классикалық сүт көпірткішті алып тастаңыз.
3 Кофе тамызу шүмегі астына үлкен ыдысты (1,5 л) қойыңыз.
START
CALC
CLEAN
4 Дисплейде START CALC CLEAN (Қақ түсіруді бастау) хабарын
көрсеткенде қақ түсіру процедурасын бастау үшін OK түймесін басыңыз.
144
Қазақша