operation manual

10
xx
Егер дисплей қате кодын
көрсетсе, дисплейдегі код
мағынасын және
орындалатын әрекетті көру
үшін «Қате кодтарының
мағынасы» бөлімін көріңіз.
Осы белгіше дисплейде
көрсетілген кезде құрылғыны
пайдалану мүмкін емес.
Қате кодтары мағынасы
Төменгі жақтан шешуге болатын мәселелерді көрсететін қате кодтары тізімін
таба аласыз. Қолдау көрсету бейнелері www.philips.com/coffee-support
веб-сайтында қолжетімді. Егер басқа қате коды пайда болса, Philips
тұтынушыға қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз. Байланыс
мәліметтерін кепілдік парақшасынан көріңіз.
Қате коды
Мәселе Себеп Мүмкін шешімі
01 Кофе тартқыш
құлыптаулы
Кофені шығару
арнасы бітелген.
Құрылғыны өшіріңіз. Мөлшерлеу
қасығы тұтқасымен немесе қасық
тұтқасымен кофені шығару арнасын
дұрыстап тазалаңыз. Одан кейін
машинаны қайта қосыңыз.
03 - 04 Қайнату құралы
мәселесі бар.
Қайнату құралы
ластанған немесе
жақсы майланбаған.
Құрылғыны өшіріңіз. Қайнату құралын
таза сумен шайып, ауада кептіріп,
оны майлаңыз. Одан кейін машинаны
қайта қосыңыз.
Қайнату құралы дұрыс
орналастырылмаған.
Құрылғыны өшіріңіз. Қайнату құралын
алып қайта салыңыз. Қайнату
құралын машинаға кері сырғыту
алдында бүйір жағындағы екі
анықтамалық белгінің сәйкестігін
тексеріңіз. Одан кейін машинаны
қайта қосыңыз.
05 Су тізбегі мәселесі
бар.
Су тізбегінде ауа бар. Құрылғыны өшіріңіз. Су ыдысы
машинаға дұрыс салынғанын
тексеріңіз. Су ыдысы бөлімі таза
және кофе дәндерінсіз екендігін
тексеріңіз. Одан кейін машинаны
қайта қосыңыз.
Өшіріп қайта қосумен машинаны
қайта іске қосыңыз. 2-3 тамшы ыстық
су тамызып көріңіз.
147
Қазақша