User manual

43

Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына
қош келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толық пайдалану
үшін, өнімді «www.philips.com/welcome» веб-бетінде тіркеңіз.

A Саңылаулы құрал
B Қылшақты аспап
C Бүктелетін жарықшақты аспап (тек FC6053 түрінде ғана)
D Сыртқы фильтір
E Ішкі фильтір
F Зарядтау құрылғысы
G Адаптер
H Шаң жинағыш орын
I Шаң жинағыш орнын ашатын түйме
J Жұмыс жасап болған ауаны шығаратын тесікшелер
K Зарядталып жатыр дегенді білдіретін жарық (LED)
L Қосу/өшіру ысырмасы
M Байланыс таспалары

Құралды қолданбас бұрын осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият
оқып шығыңыз да, оны анықтамалық құрал ретінде сақтап қойыңыз.

- Суды немесе басқа сұйықтықты сорғызуға болмайды. Тез
жанатын заттарды сорғызбаңыз, ал күлді суығаннан кейін сорғызу
керек.
- Құралды немесе зарядтағышты суға немесе кез келген басқа
сұйықтыққа батырмаңыз және ағынды судың астына шаймаңыз.

- Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген кернеудің жергілікті
ток көзінің кернеуіне сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
- Егер штепсельдік ұшы, қуат сымы немесе өзге бөлшектері
зақымдалған болса, құралды немесе зарядтағышты қолданбаңыз.
